АОЧ апаратымен М. А Макиенко бойынша Киршнер сымдарымен жасалатын остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда сымды екі жақтан бет сүйегі арқылы алдыңғы мұрын қырына алға және төмен бағытта өткізеді. Ортаңғы тип бойынша сынса сым бір бет сүйегінен екінші бет сүйегіне көлденең бағытта өткізіледі, ал жоғарғы тип бойынша сынғанда иммобилизацияны екі параллелді орналасқан сымдармен жасайды. Бірін бет сүйегінің доғасымен сынық сызығының артынан бүкіл жоғарғы жақ сүйегін тесіп шығып, қарама-қарсы жақтың бет сүйегінің доғасы арқылы өткізеді. Екіншісін қарама-қарсы жағынан бірінші сымға параллель өткізеді. Сымдарды еңкіш бағытта бір жақ бет сүйегінің алдыңғы бөлігінен қарама-қарсы жағының бет сүйегіне өткізуге болады. Сымдар жоғарғы жақ қуысы және мүрын қуысы арқылы өтеді.
Billet-Vigneul бойынша бас қаңқа-жоғарғы жақтық бекіту. Жоғарғы жақ және маңдай сүйектері сынған науқастарға қолдануға болады.
Бұл жарақат көп жағдайда мида гематома дамуымен қосарлана жүреді. Маңдай және төбе сүйектері аймақтарындағы нейрохирургпен жасалған диагностикалық фрезалық тесіктерді жоғарғы жақ сүйеқтерін бекітуге пайдалануға болады. Лигатуралық сымды сол тесіктер арқылы, өткізгіш иненің көмегімен самай етінің, бет сүйек доғасының астынан өтпелі қатпарымен ауыз қуысына өткізіп тістік шеңдеуішке бекітеді. Фрезалық тесіктер арнайы, жоғарғы жақ сүйегінің сынығын бекіту үшін жасалуы мүмкін. Бас қаңқасы езіліп ішке кіріп сынғанда трепанация жасалынады. Бүл жағдайда бас сүйегінің ақау қырын лигатураны бекітуге пайдалануға болады.
Сыммен тігілетін остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда лигатуралық тігіс альвеолды қыр және алмұрт тәріздес тесік аймағында салынады, ортаңғы тип бойынша сынса көз ұясының төменгі қыры және бет-альвеолды қырларының, жоғарғы типте бет сүйегінің доғасы және көз ұясының жоғарғы сыртқы қырынан тігіледі. Сынықты мықтап бекіту үшін жоқ дегенде екі жерден сыммен тігу керек.
Жоғарыда айтылған жоғарғы жақ сүйек сынықтарының консервативті және оперативті ем тәсілдері тек жақын арада және сынық бөлімдері қозғалмалы болса нәтиже береді. Ескірген сынықтарда қаңқалық керіп-созу қолданылады. Бұл үшін тігіске фосфат цементімен бекітілетін, болаттан жасалған шеңдеуіш каппа дайындайды. 3 болат сымнан ілмегі бар темір сымнан жасалған доғаны басқа кигізетін қалпаққа гипстеп тастайды. Бір ілмек ортаңғы сызық бойында, келесі екеуі бірінші ілмектің екі жағында 2 см қашықтықта орналасады. Керіп-созуды болат пружина немесе резина тартпалар арқылы жүргізеді, олардың бір ұшы шеңдеуішке, бір ұшы ілмекке бекітіледі. Керіп-созу үшін біртіндеп В. Я. Кавракиров бойынша күшейтеді.
Жоғарғы жақ сүйегі шаншыла сынса төсек басына орнатылған шығыр (блок) арқылы сынықты керіп-созып орнына келтіреді. Бұл жағдайда үлкен азу тіс аралығына резинкадан төсем қойылады. Керіп-созуға болат пружинасын, подшипникті шығыр, полиамидті жіп, және гарьнер қолданған жөн.
Керіп-созу мерзімін қысқарту үшін сынық сызығына өткір распатор кіргізіп ырғауға болады. Сынық бөлігін босатқан соң керіп-созуды бастауға болады. Хирургиялық және ортопедиялық ем тәсілдерін бірге қолдана отырып сынық бөліктерін 5—7 тәулік ішінде өз қалпына келтіруге болады.