Стоматология


ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ЖАРАҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КҮТІМ КӨРСЕТУ



бет130/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ЖАРАҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КҮТІМ КӨРСЕТУ


Тамақтандыру

Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарды тамақтандыру өте ауыр мәселе, өйткені шайнау, кей кезде жұтыну қызметтері толық бұзуылуына байланысты олар кәдімгі тамақты қабылдай алмайды.


Адам тамағына қойылатын негізгі мақсат оның физиологиялық құндығы. Сондықтан жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға кәдімгі физиологиялық тағамдар тағайындалады, тек механикалық және химиялық тұрғыдан қарағанда науқасқа ауыртпалық түсірмеу керек.
Жарақаттанған науқастардың ауыз қуысының реципциясы күрт бұзылатындықтан тамақтың температурасы 45 С° жоғары болмау керек. 50 С° жоғары болса, ауыз қуысы және өңештің шырышты қабатын күйдіруі мүмкін.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға үш түрлі физиологиялық диета тағайындалады. Жақтық немесе зонд арқылы (1) жақтық (2) және жалпы диета (15). 1-ші және 2-ші жақтық тағамдардың химиялық құрамы бірдей болады, тек қана консистенцияларында айырмашылығы бар: 1-ші жақтық тағамның консистенциясы кілегей, ал 2-ші жақтық тағамдікі сұйық қаймақтай болады.
1 -ші жақтық тағам зонд арқылы — шайнау және жұтыну функциялары бұзылған науқастарға тағайындалады (тілі, маңдайы, ауыз қуысының түбі қатты ісініп жарақаттанған, екіжақты сынықтарын тістік шеңдеуішпен бекіткен науқастар т. б.). Тағамның кілегейлі консистенциясы мұрын немесе ауыз арқылы асқазандық немесе дуоденалды зонд арқылы оңай, еркін өтуіне мүмкіндік береді. 2-жақтық тағам шайнау функциясы бұзылған, бірақ жұтыну функциясы сақталған науқастарға тағайындалады. Бұл тағамға сор-па, сүт т. б. сүйықтықтар қосып консистенциясын сұйық қаймақтікіне жеткізеді. 2-ші жақтық тағам аққұман мұрнына кигізілген түтік арқылы кедергіленбей өтеді.
15-ші жалпы диета — ауыз қуысындағы жаралар жазылған және сынықтары біте бастаған науқастарға тағайындалады. Бұл әртүрлі кулинарлық өңдеуден өткізілген күнделікті қолданатын азық-түліктерден дайындалған физиологиялық қүндылығы толық тағамдар.
Барлық қоректік заттарды организмге жіберу жолдарын энтералды және парэнтералды деп бөледі. Энтералды әдіске — пероралды, асқазандық немесе дуоденалды зонд арқылы; ректалды, парэнтералды әдіске — вена теріасты, бұлшықет және сүйек арқылы жіберу жатады.
Жалпы парэнтералдық тамақтандыруды ес-түссіз жатқан немесе жарақаттану салдарынан энтералды тамақтанудың бұзылуынан зат алмасуды керекті дәрежеге келтіре алмағанда тағайындайды. Былайша парэнтералды тамақтандыру бет-жақ аймағы жарақаттанған науқастарға өте сирек тағайындалады. Осыған байланысты парэнтералды тамақтандыруды негізгі энтералды тамақтандыруға қосымша деп білу керек.
Парэнтералды тамақтандыру организмге белоктың, энергети-калық заттарды, витаминдер және гармондарды ендіруді көздейді. Белоктарды организмге полипептидтер және аминқышқылдарының дайын қосынды түрінде ендіреді, Оларға аминопептид, казеин гидролизаты, ЦОЛИПК, Л— 103 гидролизин, аминокробин және т. б. жатады.
Парэнтералды тамақтандырудың энергетикалық компоненттеріне (2,5; 5; 10) глюкозаның гипертоникалық ерітінділері, фруктоза т. б. жатады. Суда еритін (С және В тобының) витаминдерді глюкозамен, ал майда еритіндерін (А, Д, К) майлы эмульсиямен бірге жібереді. Натрий түзы, кальций, калий т. б. минералдық заттарды әртүрлі трансфузиялық сұйықтықтардың қүрамында немесе бөлек ендіреді.
Парэнтералды тамақтандырудың ішінде вена әдісі кеңінен тараған. Тамақты жіберу жылдамдығы оның қүрамына тікелей байланысты.
Белокты гидролизатор мен майлы эмульсияларды әдетте минутына 30—40 тамшы, глюкоза ерітінділерін, түздардың изотоникалық ерітінділерін минутына 60 тамшыға дейін немесе мин 4—5 мл ендіреді. Бір рет ендірілетін ерітіндінің мөлшері 200 мл, тәулігіне 2—4 л-ге дейін.
Пероралды тамақтандыруды шайнау функциясы бұзылған науқастарға мұрнына, ұзындығы 15—20 см резиналы түтік кигізілген аққұманмен береді. Ол үшін науқастың кеудесіне кленкалы алжапқыш жауып, жалпы жағдайына қарай орындыққа отырғызып болмаса төсекке жатқызады. 50 С° дейін жылытқан тамақты ақұманға құйып, тамақтандырушы аққұманды тамақ ағып кетпес үшін орта белінен жоғарырақ саусағымен қысып үстап, түтіктің үшын тіл түбіріне дейін ендіреді де құманды ауыз қуысынан жоғары ұстап, түтікті қысып түрған саусақтарын босатады. Үш секунд өткен соң тутікті тағы да саусағымен қысып қалып, науқасқа тамақты жұтып және дем алуына мүмкіндік береді. Осы 3 секунд ішінде ауыз қуысына 8—10 мл-дей тамақ құйылады.
Осы әдіспен асықпай науқасты тамақтандырады.
Жақ-бет аймағынан жарақаттанған науқастарды күніне кемінде 4 рет тамақтандыруға тиіс. Азанда сағат 9-ға, түсте 13— 14-ке кешке сағат 18-ге және ұйқыға жатудан 1—1,5 сағат бүрын жеңіл тамақ (шәй, кисель, айран, т. б.). 4 рет тамақтандыру бойынша тамақтың күндік колориялығы былайша бөлінеді: азанғы — 30, түскі — 40, кешкі — 20—25, үйқы алдындағы – 5-8.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет