Стоматология



бет57/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

Патологиялық анатомиясы. Жедел ағымды іріңді остеомиелиттің біріншілік кезеңінде макроскопиялық зерттеу кезінде сүйек миының қара-қызыл түсті бөлек аймақтарын көруге болады. Әрі қарай сүйек миының іріңді ыдырауы болып осы қара-қызыл аймақтар арасында сарғыш ошақтар көрінеді. Микроскопияда сүйек миында көптеген әртурлі іріңді инфильтрация ошағы мен іріңді ыдырау ошақтары, көптеген микроорганизмдер шоғырлары көрінеді. Біртіндеп іріңді ошақтар бір-бірімен қосылады, Сүйектің зақымданған жерінде қан тамырлары кеңейген, стаз, тромбоз, тромбтың іріңдеуі байқалады. Ал оның айналасында тамырдың кеңеюі және көптеген қан құйылу ошақтары көрінеді. Сүйек миы инфильтрация кезеңінде серозды экссудатпен анықталады.
Қабыну процесі сүйек миынан сүйектің қоректік өзекшелеріндегі затқа өтеді. Онда да тамырлар кеңіген, стаз, тромбоз байқалады. Тамырлардың маңындағы тіндерге алдымен серозды, кейін іріңді экссудат жиналады. Қоректік өзекшелердегі зат іріңдеп, ыдырап, қан тамыр қабырғасымен бірге жойылады.
Сүйек миы мен сүйек балкаларының лейкоциттерге толуынан өте үлкен ірің ошақтары пайда болып, ондағы сүйек тіні өледі.
Микрофлора сипатында, организмнің иммунобиологиялық жағдайына байланысты процесс тек сүйектің аз жеріне жайылып шектелген остеомиелит дамуы мүмкін. Ал қабыну құбылыстары прогрессивті дамыса сүйектің жаңа жерлері зақымданып диффузды остеомиелит дамиды.
Шектелген және жайылған остеомиелитте сүйекті қоршаған тіндерде: сүйек қабығына, жақ сүйегі жұмсақ тіндерінде, лимфа түйінінде қабыну процесі дамиды, Каллотеральды ісіну болады. Сүйек қабығы зақымданғанда сол жақта ісіну, гиперемия болып сүйек қалыңдайды. Серозды экссудат нейтрофилді лейкоцитпен толып іріңге айналады. Сүйектің екі жағында да сүйек қабығы асты іріңдіктер дамиды. Жоғары және төменгі жақ денесінен іріңді экссудат шығар кезде инфекция жақ сүйегі маңындағы жұмсақ тіндерге тарап шектелген, жайылған іріңдіктер (абсцесс, флегмона) пайда болады. Кейде ірің жүмсақ тіндерге сүйек қабығы астындағы ошақтан тарауы мүмкін. Бұл жерде остеомиелиттің ағымын ауырлатады. Тамырлық өзгерістер тереңдей түседі, Интраоссальды және периоссальды гемодинамикадан басқа тағы сүйек қабы және жұмсақ тіндер тамырларында өзгерістер туындайды. Бұдан сүйектегі үлкен бөліктердің қоректенуі бұзылады. Іріңді-өлеттену процесінің ортасында сүйектің қанмен қамтамасыздандырылуының бұзылуы секвестрлену сипатына әсер етеді. Сүйекте үлкен-кіші қуыстар, беткей немесе орталық секвестрлер пайда болуы мүмкін.
Сүйектен ірің шығып өлеттенгеннен кейін жедел қабыну процесі бәсеңдейді, жеделдеу сатысына өтеді. Сүйектің өлген тіндері жанынан қан тамырларына бай грануляциялық тін өсе бастайды. Ал өлген сүйек тіні сорылып кетеді. Ақырында өлеттенген жердің сау жерлерден бөлектенуіне жағдай туады. Секвестрлену басталады. Сонымен қатар сүйек қабығы жағынан жаңа сүйек тіні өсе бастайды.
Процесс созылмалы кезеңіне өтерде әрі қарай қабыну ошағы шектеліп, секвестрлер бөлінеді (отторжение). Жаңа сүйек тінінің түзілуі жалғасып сүйек қалыңдайды. Кальцификация жүріп сүйек қатаяды. Қоршаған тіндердің қабынуы азайып, шектеледі. Бөлінген секвестрлер қозғалмалы болады. Ал жаңадан түзілген сүйек тіні секвестральдық қорап рөлін атқарады.
Өз бетімен бөлінген немесе оперативті жолмен алынған секвестрдің түсі қошқыл-сұр, жиектері иректі болады. Оның орны біртіндеп грануляциялық және остеоидты тіндермен толып, ол кейін сүйекке айналады. Жақ сүйегінің кей жерлерінде грануляциялық тінмен толған немесе секвестрлері бар қабыну ошақтары қалуы мүмкін. Бұл ошақтар осы процестің өршіп, ұзаққа созылуына себеп болады. Өте майда секвестрлер сорылып кетеді. Ал гра-нуляциямен толған, миқробты қуыстар созылмалы ошақ құрып қорғаныш факторларына теріс әсерін тигізеді. Ошақта клеткалық реакция жүріп, одан аллергия дамиды да тікелей баяу сезімталдықтың жоғарылауына әкеледі. Одан организмге аутоиммундық процесс дамиды. Бұның бәрі созылмалы остеомиелиттің ұзақ уақыт секвестр түзбей, жаңа жерлерді қамти отыра жүруіне соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет