№12 дәріс Эмбриология
Сүтқоректілердің эмбриологиясы адамның эмбриондық даму ерекшеліктерін түсінудің негізі ретінде.
Көне дəуірдің асқан ойшылдарының бірі Аристотельдің (б.д. дейін 384328 жж.) еңбектерінде биология мəселелері маңызды орын алған. Соның ішінде ол жануарлардың дамуына ерекше назар аударады.
Аристотельдің ұғымы бойынша, ұрық еркек ұрығымен ұрғашының денесінен бөлініп шыққан заттардың қосылуынан пайда болады. Ұрғашы затынан материя (ұрық пайда болу мүмкіндігі) қалыптасады, бірақ бұл мүмкіндікті іске асыру, тек еркек ұрығынан шыққан форманың материяға көрсеткен əсеріне байланысты. Сонымен, еркек ұрықта организмнің мақсатқа лайықты құрылысы мен тіршілік əрекетін түсіндіретін, даму принципі (рух) қаланған.
«Жануарлардың пайда болуы туралы» деген атты трактатында Аристотель жануарлар мен адам эмбриологиясының мəліметтерін талдап қорытады. Ол жануарлардың жыныс айырмашылықтарын, жұмыртқа салушы жəне тірі туушы жануарлардың көбею тəсілдерін, əсіресе адамның көбеюін толық сипаттаған. Тауық эмбрионының дамуындағы арнайы бояусыз, қарусыз көзбен көруге болатын нəрсенің бəрін егжейтегжейіне дейін суреттеген. Ол жыныс тегі, тұқым қуалау, кемтарлықтың пайда болуы, көптұқымдылық жəне постэмбрионалдық даму процесінде белгілер қалыптасуға байланысты сұрақтармен шұғылданған.
Аристотельдің практикалық білімінің деңгейі туралы мынадан түсінуге болады. Ол сүтқоректілерді сипаттаушы ең басты белгілердің ішінде олардың тірі туатынын, төлді сүтпен өсіретінін, ұрықтары жатырға кіндік жəне кейін шу деп аталған мүше арқылы бекінетінін атап көрсеткен. Осы себептен, ол балық тобынан киттерді бөліп алып оларды сүтқоректілер қатарына қосты. Қате деп саналып жүрген Аристотельдің бақылауы: Галеос акуласының жұмыртқасы жатыр қабырғасына сүтқоректі жануарлардың шуына ұқсас мүше арқылы бекінетінін, тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана Иоганн Мюллер растады. Аристотель еңбектерінің мəні, ең алдымен, олар болжаудан бақылауға жəне суреттемеге көшуді бейнелейді. Бірақ ерте ұрық пен оның бөлшектерінің нəзік құрылысын терең зерттеуге үлкейткіш оптикалық жүйелер шыққанға дейін көп уақыт бойында мүмкін болмады.
Гиппократқа қарағанда, Аристотель ұрықтың мүшелері біртебірте, бірінен соң бірі біртекті массадан пайда болады, олардың бəрінде алғашында жеке мүшелер болмайды деп санаған. Ақырында, организмнің даму барысында біртіндеп құрылымының күрделенуі туралы Аристотельдің көзқарасы эпигенез теориясының негізін қалады.
2. «Орта ғасырлар» деп аталған V – XV ғғ. кезеңі феодализмнің пайда болуы мен дамуы, сонымен қатар, ғылым, мəдениет, техниканың құлдырауы жəне шіркеу идеологиясының күрт күшеюімен байланысты. Осы кезеңде, табиғат туралы көзқарастар діни қағидалар мен феодалдық қоғам ережелерінің ауыр таңбасын арқалаған еді. Биологиялық білімнің одан əрі кеңеюі мен жүйеленуі XVXVІІІ ғасырларда қайта өрлеу дəуірінде өтті. Биология ғылымының жедел дамуына біріншіден, жаңа техникалық құралдарды (микроскоп, термометр, барометр т.с.) пайдалану, екіншіден, ғалымдардың көптеген саяхаттарға шығуы себеп болды. XVІXVІІІ ғғ. жануарлар эмбриологиясы саласында да едəуір табысқа қол жетті. Италия ғалымы У. Альдрованди (15221605 жж.) Аристотельден кейін бірінші рет тауық жұмыртқасының даму сатыларын жүйелі бақылап шығуға тырысты. У. Альдровандидың шəкірті В.Койтер (15341576 жж.) балапан эмбриогенезін үлкен ұқыптылықпен зерттеген.
Эмбриология тарихында маңызды із қалдырған В.Гарвейдің «Жануарлардың пайда болуы жөнінде» (1651 ж.) деген кітабы болды. Бұл кітабында ол ұрық даму процесінде мүшелердің жаңадан пайда болуы туралы жəне эмбриогенез жөніндегі кейбір ескі көзқарастарды сынаған (сондайақ, ұрық аталық ұрықтан жəне аналық қаннан пайда болады деген пікір). Гарвей «тірі жанның бəрі жұмыртқадан дамиды» деген атақты афоризмнің иесі. Ол кездегі, тірі емес заттың өзінен өзі тіріге айналып өсіпөнуі мүмкін деген көзқарастың басымдығын ескерсек, бұл афоризмнің батыл да мағынасының терең екеніне көз жеткіземіз. 1677 жылы С.Гам жəне А.Левенгук адам шəуетіндегі сперматозоидтардың ролін түсінбей, оны ұрық сұйықтығындағы инфузория сияқты паразиттік жəндіктер деп қарастырған. Бұдан бұрынырақ, 1672 жылы, Р. де Грааф көптеген сүтқоректілердің аналық безіндегі фолликулдарды (ішінде сұйық заты бар, көлемі əр түрлі көпіршіктер) сипаттаған жəне оларды жұмыртқа деп атауды ұсынған, өйткені олар құстардың аналығындағы жұмыртқаға өте ұқсас болған. Ұрықтанғаннан кейін ұрғашы үй қоянының жыныс мүшелерін белгілі бір уақыт сайын зерттеп Грааф аналықтағы көпіршіктердің жарылып босайтынын, ал жатыр түтігінде, саны сол шамадай, олардан едəуір ұсақ жұмыртқалар пайда болатынын көрген. Грааф анағұрлым күрделі, жүздеген клеткадан тұратын құрылымды қателесіп жұмыртқа деп санаған, ол қазір «Грааф көпіршігі» деп аталады, ал шын жұмыртқа осы көпіршіктің ішінде орналасады. Антуан ван Левенгук (1632-1723 жж.) өзі жасаған микроскоп көмегімен (үлкейтуі 270 рет) бірқатар омыртқасыз жəне омыртқалы жануарлардың сперматозоидтарын суреттеп, иттің жатыры мен жатыр түтігінде шағылысудан кейін саны аса көп тірі сперматозоидтарды байқаған. Осыған сүйеніп ол жатырдағы ұрық сперматозоидтардан пайда болады деген болжам жасайды.
3. Эмбриологияның биология саласы болып өздігінше қалыптасуынан кейінгі, одан əрі өрлеуі Х.Пандер (1794-1865жж.), К.Бэр (1792-1876 жж.), М.Ратке (1793-1860 жж.) еңбектерімен тығыз байланысты болды.
Пандердің балапан дамуын (1818 ж.) бақылау нəтижесінің ең маңызды жаңалығы, белгілі сатыда тауық ұрығы үш қабаттан тұратындығы: сыртқы серозды, ішкі – шырышты жəне ортаңғы тамырлы. «Жануарлардың даму тарихы. Бақылаулар мен ойлар» (1 том 1828 ж, ІІ том 1837 ж. шықты) деген классикалық еңбегінде К.Бэр тауық ұрығының дамуын ұсақтүйегіне дейін қадағалады жəне ұрық бейнесі алғашқы біркелкі массадан біртіндеп пайда болатынын, мүшелері кейін қалыптасатынын суреттеді. К.Бэр екі алғашқы анималдық жəне вегетативтік жапырақшаларды ажыратты. Анималдық жапырақша кейін екі қабат береді: терілік жəне бұлшықеттік, ал вегетативтік – тамырлы мен шырышты қабаттарды түзеді. Терілік қабат, өз кезегіне, жамылғыны, нерв жүйесін жəне сезім мүшелерін береді. Бұлшықеттік бұлшықетті жəне сүйекті жасауға негіз болады. Тамырлы – ішперде мен тамырларды, ал шырышты қабат ішек қабырғасын түзеді.
Преформистер мен эпигенетиктер арасындағы қызу таласта К.Бэр көп уақыт бойы бейтарап жол ұстап жүрді, сосын, барлық дəлелдер мен фактілерді пысықтау нəтижесінде, даму преформацияланған эпигенез болады деген тұжырымға тоқтады.
ХІХ ғасырда биологиядағы аса ірі жаңалық клеткалық теория мен эволюциялық ілімнің қалануы екені жалпыға мəлім. Ч.Дарвиннің теориясы тірі табиғат туралы ғылымда төңкеріс жасады. Эволюциялық теория басқа биологиялық ілімдер қатарында эмбриологияға да өз əсерін тигізді. Сонымен қатар, ұрықтық дамуды салыстырмалы зерттеу саласындағы ашылған жаңалықтар эволюция теориясына көп мəн берді, өйткені өздерінің ұйымдасуы бойынша арасы алшақ жануарлар топтарының филогенетикалық туыстығына сенімді дəлелдер келтірді.
Эволюциялық эмбриология ғылымының пайда болуына орыс ғалымдары А.О.Ковалевский (1840-1901 жж.) мен И.И.Мечников (1845-1916 жж.) орасан зор үлес қосты.
Сол кездегі зоологтар алдында кейбір типтердің: құрттар, бассүйексіздер, қабықшалылар, иықаяқтылар, губкалар, қылтанжақтылар, ішекқуыстылар, буылтық құрттар, бүйіржүйкелілер, күрекаяқтылар мен бас аяқты моллюскілер, шаянтəрізділер, өрмекшітəрізділер мен бунақденелілердің – шынайы систематикалық орнын, демек, қалған жануарлар əлемімен филогенетикалық қатынастарын табу мəселесі тұрды.
Жеке даму биологиясының тағы да бір саласы даму генетикасы. Даму генетикасы бұрын феногенетика деп аталынатын. Бүгінгі күнде даму генетикасы қарқынды дамып келе жатқан биологиялық ғылым. Ол тұқым қуалау ақпараттардың организмның жеке дамуындағы жүзеге асырылуын зерттейді, яғни, қандай жолдармен гендегі ақпараттар морфологиялық, биохимиялық, молекулалық белгілерге айналады.
Қазіргі таңда эмбриологиялық зерттеулер өте кең мəселелер шеңберін қамтиды, олардың ішінде мыналарды белгілеуге болады: молекулалыбиологиялық, биохимиялық жəне жалпы даму мен қартаю реттеуінің генетикалық механизмдері, клеткалық дифференцировка, атап айтқанда, пролиферация мен морфогенез; даму процесінде иммунитеттің қалыптасуы; гаметогенез зерттеу, ерекше бағалы үй малы мен жабайы жануарлардың сирек түрлерінің гаметалары мен ерте тұқымдарын культивациялау мен консервациялау проблемалары; трансген жануарларын алу; əр түрлі жағдайлардағы мүшелер мен ұлпалардың регенерациясын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |