Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет52/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
31 
Тағам  өнімдерін  қаттау  немесе  өңдеу  орындарының  үстінде  орналасқан  өндірістік 
үй-жайлардағы  электр шамдарда,  сонымен  қатар  ыдыстарда  шырақтар  сынған  жағдайда, 
әйнек сынықтарының түсуінен қорғанышы болуы тиіс. 
5.4.10.8 Балалар 
сүт 
асханасының 
өндірістік 
үй-жайларында 
табиғи 
желдеткіштермен  (фрамугалар,  желкөздер  және  басқалар)  қамтамасыз  етілуі  тиіс,  ал 
дәнекерлеу және жуу цехтарында сору-тарту желдеткіші орнатылуы тиіс. 
5.4.10.9 Балалар 
сүт 
асханасының 
өндірістік 
үй-жайларындағы 
едендер 
сырғанамайтын,  сүт  өнімдерінің  әсеріне  қарсы  орнықты,  су  өтпейтін,  беті  тегіс  болуы 
тиіс. 
 
5.4.11 Медициналық газдар, вакуум желісінің және сығылған ауа құбырлары  
 
5.4.11.1  Медициналық  оттегімен,  медициналық  азоттың  шала  тотығымен, 
көмірқышқыл  газбен,  сығылған  ауамен  жабдықтау  және  емдеу-профилактикалық 
мекемелердегі  тұтынушыларды  вакууммен  қамтамасыз  ету  орталықтандыру  арқылы 
қарастырылады.  
5.4.11.2 Көмірқышқыл газын ванна залына жеткізу қарастырылады. 
5.4.11.3  Сығылған  ауаны  зертханаларға,  ингаляторияға  және  ванна  залдарына 
жеткізу қарастырылады.  
5.4.11.4 
Емдеу-профилактикалық  мекемелерінде  техникалық,  медициналық  
сұйық  және  газ  тәрізді  оттегі  құрылғысы  бойынша  қолданыстағы  нормативтік- 
техникалық  құжаттарға  сәйкес  медициналық  газ  тәрізді  және  сұйық  оттегі 
пайдаланылады. 
5.4.11.5 Бос және толтырылған баллондарды сақтау жеке қарастырылуы тиіс. 
5.4.11.6 Оттекті-газдалған станция сұйық оттегіні жеткізуге есептелінген. 
5.4.11.7 Орталық 
пункт 
баллондарды 
түсіру 
және 
орналастыру 
үшін 
механикаландыру құралдарымен жабдықталады. 
5.4.11.8  Оттекті-газдалған  станция  бөгде  адамдардың  қатынауына  жол  бермейтін 
тиісті қоршаулары бар шатыр астындағы ашық алаңға орналасады. 
5.4.11.9 Оттегі құбырларының сыртқы желілері орларды  топырақпен міндетті түрде 
жабу арқылы орларға төселеді.  
5.4.11.10  Оттегі  құбырлары  автомобиль  жолдарын,  өтетін  жолдарды  және  басқа 
инженерлік құрылыстарды кескен жағдайда, жерасты оттегі құбырларында қолданыстағы 
нормативтік  құжаттарға  сәйкес  қысымсыз  құбырлар  үшін  асбоцементті  құбырлардан 
жасалған қаптарды қарастыру керек. 
5.4.11.11  Оттегі  құбырларының  жерасты  учаскелерінде  арматураны  және  камера 
және құдық құрылғыларын орнатуға тыйым салынады. 
5.4.11.12  Емдеу-профилактикалық  мекемелерде  құбырлардың  әртүрлі  жүйелерін 
(оттегіні,  азот  шала  тотығын,  көмірқышқыл  газды,  вакуумды,  сығылған  ауаны)  жобалау 
барысында осы жүйелер құбырларын бірлесіп төсеуге тырысу керек. 
Болат және шойын арматураны қолдануға жол берілмейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет