Строительные нормы республики казахстан


 Ғимараттардың  сенімділігі  мен  орнықтылығын  қамтамасыз  ету  бойынша



Pdf көрінісі
бет16/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
5.2 Ғимараттардың  сенімділігі  мен  орнықтылығын  қамтамасыз  ету  бойынша 
талаптар  
 
5.2.1 Конструкциялардың  механикалық  беріктік  пен  орнықтылық  талаптарының 
орындалуын  қамтамасыз  ету  үшін  ғимараттар  осы  нормалар  мен  тиісті  нормативтік 


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 

құжаттар  талаптарына  сәйкес  қызмет  етудің  болжамдық  мерзімінің  бойында  өз  қасиетін 
сақтауы тиіс. 
5.2.2 Мекемелердің  қоршау  және  көтергіш  конструкциялары  қолданыстағы 
нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.  
5.2.3 Емдеу-профилактикалық  мекемелері  ғимараттарының  сенімділігін  қамтамасыз 
ету  қажет,  бұл  жағдайда  негізгі  конструктивтік  элементтер  қолданудың,  техникалық 
қызмет  көрсетудің  және  пайдаланудың  берілген  режимдеріне,  шартына  сәйкес  келетін 
белгілі шектерде қызмет көрсетудің белгіленген параметр мәндерін сақтауы тиіс. 
5.2.4 Құрылыс  конструкциялары  мен  негіздер  материал,  топырақ  қасиетінің 
өзгергіштігін, жүктемелер мен әсерлердің, конструкцияның геометриялық сипаттамасын, 
олардың  жұмысының  шартын,  сондай-ақ  олардың  жұмыс  қабілеті  бұзылған  кезде 
материалдық  және  әлеуметтік  залалмен  анықталатын  жобаланатын  объектілердің 
жауапкершілік  дәрежесін  ескере  отырып,  конструкция  мен  негіздің  үздіксіз  жұмысын 
қамтамасыз етуі тиіс.  
5.2.5 Жобалау  барысында  құрылыс  конструкциялардың  пайдалану  сенімділігін 
қамтамасыз ету керек. 
5.2.6 Конструкциялар  мен  негіздердің  есептік  модельдері  (оның  ішінде  есептік 
сызбалар,  есептің  негізгі  алғышарттары)  есептік  жағдайға  жауап  беретін  мекемелердің 
нақты жұмыс жағдайларын көрсетуі тиіс.  
5.2.7 Көтергіш  конструкцияның  механикалық  қауіпсіздік  бойынша  талаптарға 
сәйкестігі мекеменің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында тақтайша 
немесе  тәжірибелі  мәліметтерді  қолдану  арқылы  жобаланып  отырған  бүкіл  көтергіш 
конструкциялар мен олардың элементтерін талдау негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 
5.2.8 Мекемелер іргетасы мен негіздері көтергіш және қоршау конструкцияларының 
жеке  салмағынан;  арақабырғаға  түсетін  уақытша  біркелкі  таралатын  және  шоғырланған 
жүктемелердің;  ҚР  ҚН  5.01-02  талабына  сәйкес  құрылыстың  осы  ауданы,  оның  ішінде 
сейсмикалық  аудан  үшін  қар  мен  жел  жүктемелерінен  түсетін  тұрақты  жүктемелерді 
қабылдауға есептелуі тиіс. 
5.2.9 Ғимаратты  аяздан  ісінуді  қоса  алғанда,  топырақты  дайындауға,  шөгуге  және 
басқа  да  жылжуға  ұшыраған  күрделі  геологиялық  жағдайдағы  аудандарға  салған  кезде  
ҚР ҚН 2.03-01 талаптарын сақтау, сондай-ақ мыналарды ескеру керек:  
а) ғимараттардың іргетастары топырақтық физика-механикалық сипаттамаларының, 
құрылыс  алаңдарындағы  гидрогеологиялық  режим  сипаттамаларының,  сонымен  қатар 
топырақ  пен  жер  асты  суларының  іргетастар  мен  жер  асты  инженерлік  тораптарға 
қатысты  агрессивті  ескере  отырып  жобалануы,  ғимарат  элементтерінің  астындағы 
негіздердің қажетінше біркелкі шөгуін қамтамасыз ету керек
б) конструкциялар  нақты  бір  құрылыс  алаңы  жағдайында  олардың  тиімділігі  мен 
экономикалық мақсатқа лайықтылығын ескере отырып қабылдануы тиіс;  
в) инженерлік  коммуникациялар  негіздің  ықтимал  деформацияланған  орнын 
толтырудың қажеттілігін ескере отырып жүргізу керек. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет