Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
4.2 Функционалдық талаптар 
 
4.2.1 Емдеу-профилактикалық  мекемелері,  оның  элементтері,  негіздері    және 
көтергіш  конструкциялар  құрылыс,  реконструкция  немесе  пайдалану  кезінде  сыналуы 
мүмкін болжамдық әсерлер тіркесіміне төзімді болуы тиіс. 
4.2.2 Емдеу-профилактикалық  мекемелері  өрт  ошағын  ерте  анықтау,  адамдарға 
хабарлау,  қауіпсіз  эвакуациялау,  оның  ішінде  халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтарына 
жағдай жасау, өртті барынша қысқа мерзімде оқшаулау бойынша шараларды қамтамасыз 
ете отырып жобалануы және салынуы тиіс. 
4.2.3 Емдеу-профилактикалық 
мекемелері 
механикалық, 
өрт, 
санитарлық-
гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша талаптарды 
сақтай отырып салынуы тиіс. 
4.2.4 Мекемелердің  көлемдік-жоспарлық  және  конструктивтік  шешімдері  оның 
арналуына,  қажетті  құрамына  және  жеке  үй-жайлардың  параметрлеріне  сәйкес  келуі, 
ғимаратта өтіп жатқан емдеу процесі үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. 
Мекемелерде адамдарды емдеу, келуі немесе өзге де қызметтер үшін қауіпсіз жағдай 
қарастырылуы тиіс. 
4.2.5 Емдеу-профилактикалық  мекемелерінде  үй-жайдың  қажетті  температурасын 
және  ауа  ылғалдылығын,  олардың  тазалығын,  дыбыстық  және  көру  қолайлылығын, 
инсоляцияны,  үй-жайдың  табиғи  жарықтығын  және  т.  б.  сақтауды  қамтамасыз  ететін 
шаралар қарастырылуы тиіс. 
4.2.6 Мүмкіндігі  шектеулі  топтардың  мақсатты келу орындарына  қолжетімділік пен 
мекемелердің  ішінде  және  олардың  аумақтары  бойынша  кедергісіз  жүруі  қамтамасыз 
етілуі қажет. 
4.2.7 Емдеу-профилактикалық  мекемелері  қажетті  инженерлік  қондырғылармен 
(лифтінің,  жылыту  жүйесі  мен  желдеткіштің,  су  құбырының,  канализацияның  және  т.  б. 
болуы) жабдықталуы тиіс. 
4.2.8 Қоршаған ортаға немесе адам ағзасына зиянды әсерлерді жоюдың экологиялық 
талаптарын  сақтау,  сондай-ақ  ғимаратты  пайдалану  немесе  реконструкциялау  кезінде 
құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігін қарастыру керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет