Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет17/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 

5.3 Өртке қарсы талаптар  
 
5.3.1  Емдеу-профилактикалық  мекемелерінің  және  дәріханалардың  өрт  қауіпсіздігі 
«Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  талаптар»  техникалық  регламентіне,  өрт 
қауіпсіздігі  саласындағы  қолданыстағы  нормативтік-техникалық  құжаттарға  және  осы 
нормаларда белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.  
5.3.2 Емдеу-профилактикалық  мекемелерді  жобалау  барысында  конструктивтік, 
көлемдік-жоспарлық және өрт жағдайында төмендегілерді қамтамасыз етуге бағытталған 
инженерлік-техникалық шешімдер қарастырылуы тиіс: 
а) оның талап етілген отқа төзімділік деңгейіне сәйкес мекеменің жалпы төзімділігі
б) өрттің түгел мекемеге таралуын және өрттің іргелес ғимаратқа өтуінің алдын алу; 
в) өрттің  қауіпті  факторларының  әсер  ету  салдарынан  адамдардың  өмірі  мен 
денсаулығына қатер туындағанға дейін оларды мекемеден эвакуациялау мүмкіндіктері; 
г) адамдарды құтқару мүмкіндіктері; 
д) адамдарды  құтқару,  өртті  сөндіру  және  мүліктерді  эвакуациялау  бойынша 
шараларды өткізу үшін өрт бөлімшелері жеке құрамының қатынау мүмкіндіктері. 
5.3.3 Емдеу-профилактикалық  мекемелерді  пайдалану  барысында  төмендегілерді 
қамтамасыз ету керек: 
а) өрттің  алдын  алудың  және  өртке  қарсы  қорғаныстың  барлық  жүйелерінің 
жұмысқа қабілеттігі; 
б) өрт  қауіпсіздігі  саласында  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар  талаптарын 
орындау; 
в) өрт  қауіпсіздігі  бойынша  жоба  құжаттамасынсыз  конструктивтік,  көлемдік-
жоспарлық  және  инженерлік-техникалық  шешімдерді  өзгертудің  алдын  алу,  сонымен 
қатар  өрт  қауіпсіздігі  талаптарына  жауап  бермейтін  конструкциялар  мен  материалдарды 
қолдану мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бақылау. 
5.3.4  Эвакуациялау  жолдарын  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  талаптар» 
техникалық  регламентінің  және  өрт  қауіпсіздігі  бойынша  қолданыстағы  нормативтік-
техникалық құжаттар талабына сәйкес анықтау керек.   
5.3.5  Жанатын қаптамадағы  жанатын  және  жанбайтын  материалдар  шеберханалары 
мен  қоймаларын,  тез  тұтанғыш  және  жанғыш  сұйықтық,  аккумуляторлық  қоймаларды 
ауруханалардың  емдеу  корпустарының,  перзентханалардың  диспансерлері  мен 
корпустарының, сонымен қатар дәріханалардың жертөлелік және цокольдық қабаттарына 
орналастыруға жол берілмейді. 
5.3.6  Жертөле  мен  астыңғы  қабаттардан  тікелей  сыртқа  шығатын  есіктер 
қарастырылуы  тиіс.  Осы  баспалдақтарды  лифт  холы  шегінде  орналастыруға  жол 
берілмейді. 
5.3.7  Лифт  шахталарының  және  баспалдақ  торларының  жертөлелермен  қатынасына 
жол берілмейді. Тек ауа тірегі арқылы лифт шахталары лифт холдарына қатынай алады. 
Холды дәліздермен жалғастыратын есіктер өздігінен жабылуы тиіс. 
5.3.8  Емдеу-профилактикалық  мекеме  ғимараттарындағы  күннен  қорғайтын 
құрылғылар жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет