Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус (1882—1945). Үйірме құрамында Б. Гавранек, Б. Транка, В. Скаличка, орыс эмигранттары С. Карцевский, Р. Якобсон, Н. Трубецкий, т. б. болған.
Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері» деген жинақ шығарып тұрады. Мектептің теориялық программасының мазмұны «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі» деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланады.
Бұлар лингвистиканың негізгі объектісі — тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты. Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек, тіл дегеніміз — функцияналды жүйе, белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан — фоноло-гиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысьшын. өзіндік сипаттарым ай-қындау деп санайды. Тілдік элемепттердіц қызметін бі-рінші орынға қоятындықтарына карап бүл мектепті Прагалық фунщияналды лингвистика деп те атайды.
Адамдардың ойлауға, сезімге, еркін білдіруге психи-калық қабілеттілігі тілдің үш түрлі қызметін — коммуникативтік, білдірушілік айту, қаратпалылық қызметтерін туғызды. Бұл қызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер және сөйлеу актісіндегі тілдік таңбалардың құрылымы сай келеді дейді.
Функцияналдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты. Солардың ішінде олардың жақсы зерттеп, айтарлықтан табысқа жеткен саласы — фонология. Фонологияны олар функцияналды лингвистиканың ең жетекші пәні деп санады. Бұл мәселеде прагалықтар Бодуэн де Куртенэніц фонема туралы ілімін басшылыққа алып, оны ілгері дамытты. Бұл салада әсіресе Н. С. Трубецкойдыц атқарған ролі, ғылыми табысы елеулі болды. Ол өзінің «Фонологияның негіздері» (бұл еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 1939 жылы пг>.:іс тілінде басылып шықты, 1963 жылы орыс тіліне аударылды) деген еңбегінде әр түрлі тілдердің екі жүзге жуық фонологиялық жүйесін сипаттайды. Фонетика мен фонология тіл білімінің тең дәрежедегі екі саласы: фонетика сөйлеу дыбыстарын, фонология тіл дыбыстарын зерттейді. Фонологиялық кегізгі объектісі — фонема, ол — тілдін, ең кіші фонологиялық бөлшегі. Сөйлеу дыбыстары — фонеманың материялдық символдары. Фоне-ма бір сөзді екінші сөзден беліп танытады, лексикалық, грамматикалық мағыкаларды ажыратып танытатын фо-нологиялық оппозициялардың жиынтығы фонологиялық жүйе деп аталады. Оппозиция фонологияда шешуші роль атқарады. Фонема сол оппозицияның бір мүшесі. Таза лингвистикалық пән — фонология, фонетика олай емес дейді. Бірақ фонетиканы лингвистиканың қарауынан біржола шығарып тастамайды. Фонологиялық элементтердің функцияларын талдағанда, фонетиканың да пайдасы бар, фонетика — тіл дыбыстарының физикалық-филологиялық сипаттары туралы ілім, ал фонология тіл дыбыстарының функциялық, мағына ажыратқыштық жағымен шұғылданады деп санайды. Бүлардың пікірінше, фонемалардың сөз мағынасын түрлендіру, сөз өзгерту функциясы — фонологияның ең негізгі мәселесі. Прагалықтар структурализм әдісін морфологияны, синтаксисті зерттеуге де қолданды. Бұл салада олар морфеманы, морфологиялық оппозицияны қарастырумен ғана тынды. Бұлар әдеби тіл теориясы мәселесіне де көп назар аударды. Әдеби тіл нормасы, тілдік, поэтикалық стиль, сөйлеу мәдениеті мәселелерін зерттейді.
Прага мектебі тілдік әлементтердің арақатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым-қатынас көрсеткіштерінің (элементтердің) өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым-қатынас пен сол қарым-қатынасқа түсетін материя мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек дейді.
Прага мектебі синхрондық зерттеудің мәнділігін айта отыра, синхрония мен диахрония арасында жақындаспайтын алшақтық бітіспейтін қайшылық жоқ, дихрондық зерттеудің жүйені бұзбайтыны, функцияны жоққа шығармайтыны былай тұрсын, қайта бұл екеуін (тілдік элементтердің жүйесі член функциясын) ескеріп отырмайынша, диахрония өз міндетін толық атқара алмайды, бұл синхрондық зерттеуге де қатысты. Егер синхрондық сипаттау тілдік эволюцияны, бір жүйені екінші жүйе ауыстырып отыратынын ескермесе, өз міндетін жақсы атқара алмайды деп қарайды. Сөйтіп, бұл мәселеде функциялық мектеп де Соссюрге қосылмайды, мұнысы дұрыс та.
Прага структуралистері тіл—дүние танудың құралы, ол мәдениетпен, көркемөнермен, әдебиетпен тығыз байланысты, тілді өзімен-өзі тұйықталып жатқан автономиялы дүние деп санау дұрыс емес, сондай-ақ тіл жүйесін бір қалыптан аумайтын, өзгермейтін синхрондық қана жүйе деу де қате, жүйе де үнемі өзгеріп отырады дегенді айтады. Мүның өзі Прага мектебінің басқа структурализм мектептеріне қарағанда көп мәселені дұрыс шешкенін көрсетеді.
Прагалықтар өздеріне дейінгі, әсіресе жас грамматикалық бағыттың табыстарына ұқыпты қарады, өздерін оның мұрагеріміз деп есептеді. Бұлар көптеген мәселеде де
Соссюр тұжырымдарына түзетулер енгізіп, оны дамыта түсті, сөйтіп, бірақ мәселеде XX ғасыр лингвистикасына елеулі үлес қосты. Прага мектебі беделді лиигвистикалық бағыт ретінде елуінші жылдарға дейін өмір сүрді. Оның ықпалы қазіргі Чехословакия және басқа да біраз елдер лингвистикасында күн бүгінге дейін елеулі.