Ірі қаңылтыр банкалардағы арнайы тұздалған бөлінбеген сельд балығынан жасалған пресервілер. Бұл пресервілерді жоғары сапалы, майлылығы 12 % кем емес балғын атлантикалық сельд балығын арнайы тұздап 1,5-5 кг-дық цилиндрлі немесе сопақша қаңылтыр банкаға салып дайындайды. Технологиялық сұлбасы:
Жуу және сорттау
Ыдысқа салу –тығыз қатарға қарама-қарсы тұзды қоспаның қалған бөлігін салу 20 %
Жетілдіру -2;+2 0 С температурада балықты ұстау
Жабу
Ыдыстың сыртын құрғату
Жәшіктерге төңкеріп буып-түю және сақтау
Дайын пресервілердегі құрам бөліктер қатынасы: 85-93% балық, 7-15 % қосымша компоненттер, ас тұзының мөлшері 6-8% 1 кг пресервідегі бензой қышқылды натрий мөлшері 1-2 г. Дайын пресервідегі сельд консистенциясы нәзік және сулы, дәмі мен иісі аз тұздалған, жібітілген сельд балығына тән, жағымды, балықтардың беті сарғаймаған болуы керек.