Сүттің химиялық құрамы, қасиеттері. Сүт консервілерінің ассортименті



бет30/33
Дата11.05.2022
өлшемі74,89 Kb.
#142589
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Сүт өнімдерін консервілеу

І тип – Айналмалы; ІІ тип – Қыспалы; ІІІ тип – Бұрамалы.
Қазіргі кезде, көбінесе, І типтегі шыны банкалар қолданылады. Олардың аузының диаметрі бойынша 58 мм, 68 мм, 82 мм, 83 мм т.б. болып белгіленеді. Диаметрден кейін банканың сыйымдылығы жазылады. Мысалы, І – 82 – 2000, яғни бұл І –ші типтегі, аузының диаметрі 82 мм болатын, 2 л – лік банка деген сөз. Бұл банкаларды ішкі жағында резеңкесі бар тұмшалап жабатын қақпақтар арқылы жабады.
Ал ІІ типтегі ыдыстарды қаңылтыр қақпақтар арқылы вакуумда қақпақты қысу жолымен жабады. Жақсы тұмшалануы үшін резеңкенің орнына тығыз етіп ұстап тұратын паста жағылады. Бұл әдіс қақпақтың оңай ашылуына, жақсы тұмшалануына, ыдыстардың көп сынбауына жағдай жасайды. Олар шетелдерде "Еврокан" деген атпен жиі қолданылады.
ІІІ типтегі ыдыстарды қақпаққа тығыздаушы паста жағып, бұрау арқылы жабады. Оларды шетелдерде "Твист-оф" деген атпен жиі кеңінен қолданады. Сақтау кезінде вакуумдалуының жеткіліксіз болуынан, бұл жүйе бойынша жабылған банкалардың 4-5 % жарамсыз болып шығады.
Барлық шыны ыдыстар үшін қақпақтарды ақ немесе лактелген қаңылтырдан немесе алюминийден жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет