Студент – практиканттардың педагогикалық практика бойынша сауалнама есебі. Бекітілген: (мөр) Мектеп директоры: Садуова Ж.Р ________
Студент: Молдабергенов Жасұлан Молдабергенұлы. курс 4 Факультеті: Тарих, халықаралық қатынастар және құқық .
Іс-тәжірибеден Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі « 20 » қаңтар 2014 ж. - «01» наурыз 2014 ж. аралығында.
Педагокикалық іс-тәжірибе өту барысында жоспарланған нақты міндеттер:
· Мектеп және сынып ұжымымен танысу;
· Тарих пән мұғалімі мен сынып жетекшісі мен және олардың нақты алдағы мақсат міндеттерімен, жоспарымен танысу;
· Сынып ұжымының бас құжаттары,күнделіктері,сынып журналы, тарих пәні бойынша дәптерлерімен және оларды жүргізу әдістерімен танысу.Сынып ұжымының құрамын, өзара қарым қатынасын, тарих пәніне деген дайындық және қызығушылық деңгейін анықтау;
· Тәрбие сағаттарының жоспарларын құрып өткізу;
· Тарих пән мұғалімінің іс-әрекетімен танысу;
· Тарих пән мұғалімінің іс-әрекетінің шеберлігіне өзіндік талдау беру;
· Пән мұғалімінің сабағына қатысу;
· Тарих пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарын дайындап сабақтар өткізу;
· Берілген тақырыптар бойынша сабаққа дидактикалық материалдар дайындау;
· Тәрбие сағатын өткізу;
· Оқу жоспарын,пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарын,сынып жетекшінің тәрбие жоспарын оқып үйрену, оларды құрастыру;
· Мектептегі шараларға қатысу;
· Жүргізілген ашық сабақтарға өзіндік талдау беру;
Аталған міндеттерді толықтай орындап шықтым деп ойлаймын. Пән мүғалімінің жоспары бойынша жоспар толықтай орындалды. Жоспардан ауытқу болған жоқ.
23.01.14 – 27.02.14 аралығында 7,8,9 сыныптарға Қазастан және Дүние тарихы пәндерінен 16 сабақ жүргіздім.