Студент: Танатарова Жанар 509-2 Биология Оқытушы: Садыкова Д. А. Алматы 2022 Тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау-ортақ міндет»



бет2/2
Дата22.11.2022
өлшемі41,62 Kb.
#159374
түріСценарий
1   2
Байланысты:
дөңгелек үстел

Қорытынды. Әрбір адамның өскен ортасы, туған жерінің барлық қадір – қасиеті оның бойындағы адамгершілік ақыл-ой парасаты мен тамырласып жатады. Табиғат тіршілік бастауы десек табиғатты аялау, қорғау әрбір адамзаттың ортақ міндеті екенін білуіміз қажет.
Спикер: Кеше де, бүгін де, ертең де,
Табиғаттың қорғаушысы, тірегі дe, көзі де.
Бір өзіңсің – адамдар
Болсын мәңгі есіңде!
(халық ауызынан)

Мен болашағымды қалай елестетемін


ӨТКЕН КҮННЕН АЛЫС ЖОҚ,
КЕЛЕР КҮННЕН ЖАҚЫН ЖОҚ
Қазақтың халық мақалы
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтын қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнынды таба білу емес пе?
Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші біздің болашағымыз өзіміздің қолымызды. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып өсіп,өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Себебі әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Қазіргі таңда кез келген мамандықты өз қалауыңша таңдап, соны болашағыңа пайдалануға мүмкіндік те, жағдай да жасалған. «Мамандықтың бәрі жақсы, талғамыңа қарай таңдай біл» деген аталы сөз осыны білдірсе керек. Мысалға ұстаздықды алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім де болсын, тіпті Елбасымыздың өзі де деп айтсам,асыра сілтегенім болмас, тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине де ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртің қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын. Мені де сол ұстаз алдында алған білімімді егеменді елімнің ертеңі үшін қалай пайдаланам деген сұрақ мазалайды. Менің келешекте орман және су ресурстары маманы болғым келеді. Себебі, адам мен табиғат егіз. Сол егіз жаратылысқа кейде тең дәрежеде қарамай жатамыз. Мені ойландыратыны сау тәнің мен жаның болуы үшін таза табиғаттың қажеттігі. Табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтап, елімнің экологиялық таза, әлем тамсанып қарайтын сұлу табиғатының келешекке мирас болуына өз үлесімді қоссам деймін. Бұған негіз болған тағы да ұстаздарымның тәлімі.

Спикер өз ойын айтып дөңгелек үстелді қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет