Сыныптан тыс экологиялық білім беру үшін өткізілетін дөңгелек үстел сценарийі
Студент:Танатарова Жанар 509-2 Биология
Оқытушы: Садыкова Д. А.
Алматы 2022
Тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау-ортақ міндет»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар туралы түсінік қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
2. Экологиялық мәселелер туралы білімдерін тереңдету.
3. Табиғатты сүйе білетін, қорғай алатын, жанашыр, патриот азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, табиғат көрінісі презентация флипчарт-слайд шоу-интерактивті тақтамен.
Сабақтың өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі- дөңгелек үстел жанында
Орман-аң шаруашылығы мекемесінің бастығы
Мектеп директоры
Аға орманшы
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің жетекшісі
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшелерімен тілдесіп дөңгелек үстел аясында экологиялық мәселелер туралы білім беру
Жүргізуші: Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып , еңбекке деген ынтасын арттырады. Организмнің үйлесімді дамуына үйлесімді мүмкндік туғызып,бос уақытты тиімді пайдалануға ықпал жасайды.
Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі,сондықтан табиғи заңдылықтарды бүгінгі таңның өзекті мәселелері және мақсаты табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың физиологиялық өсіп жетілуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екеніне жасөспірімдердің көзін жеткізу, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау барша адамның ортақ міндеті екенін ұғындыру.
Бүгінгі біздің бас қосуымыз бекер емес- бізді қоршаған табиғаттың құрылымы әлемдік тепе-теңдік заңы бойынша жұмыс істеп осы заңдылыққа бағынады. Табиғаттың бір тетігі немесе тармағы бұзылса, оны қайта орнына келтіру үшгін көп уақыт кетеді, әрі табиғаттың басқа саласына зиян келеді. Сондықтан табиғат қорғауда бір тұтас жүйе адам-қоғам-табиғат қатынасының қалыптасуын бағыттау керек. Бұл жүйе әрбір азаматтың табиғат құрылымы оның даму заңдылығы және табиғат пен қоғамның басқа да этикалық нормаларын білуді қажет етеді.
Ал олай болатын болса бәріміз «Табиғатты таза ұстайық адамзат» көрінісін тамашалап,талқылап өз ойларымызды ортаға салайық(оқушылар көрініс көрсетеді).
Тазалық науқаны жүрді соған қосқан үлесің?
1 оқушы : Біз білетін 15 сәуір бен 15 мамыр аралығында көктемгі санитарлық тазалық айлықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы айлықты өткізу барысында мектебіміздің жанынан құрылған ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшелері мектеп ауласында,ауылда көптеген жұмыстар атқарды. Мектеп ауласын көгалдандыруға,учаскелерге гүлдер отырғызып күтіп-баптау жұмыстарын атқарады.
2 оқушы : Адамзат қауымының алдында бүгінде үш ғаламдық мәселе тұр бұл-әлемді , табиғатты, рухани құндылықтарды сақтау . Бұлардың барлығы да біздің әрі қарай дәулетті де сәулетті өмір сүруіміздің кепілі. Егеменді еліміздің ата – қоныс асыл мекенді қорғау керек. Табиғат тазалығын, қоршаған ортаны қорғауға әрбір азамат өзіндік үлесін қосуы қажет, ізгілікті істің негізі әр азаматтың өз үйінің ауласынан бастау алуы тиіс.
Орман-аң шаруашылығы мекемесінің аға орманшысы өз сөзінде - «бірде жол түсіп Алматы қаласына бардым. Бір бойжеткен қыз жыртылған пакетке салынған қоқысты қолына алып келе жатқан, қарап тұр едім, қоқыс салынатын орынға екі – үш адым жетпестен лақтыра салды, лақтырған қоқыс жерге шашылып қалды, бірақ әлгі бойжеткен қыз оған мән бермей өз жөніне кете барды. Адамдардың бұл жолсыздығына кім шек қояды?»
3 оқушы: Көрмейік десек көзіміз бар біз әлі бала болсақ та Алматы қаласынан ауылға келе жатқанда көптеген жайсыздықтарды көзімізбен көреміз. Жол бойы шашылған бөтелке,пакеттер,қағаздарды көреміз. Әрбір адам саналы түрде табиғатқа жанашыр болса бұндай жағдайлар болмас еді.
Ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің топ басшысы: «Тазалық денсаулық кепілі – саулық байлық кепілі» демекші егер адам баласы тіршілік ететін орта лас болып , кірге , күл-қоқысқа толы болатын болса , ондай қоғамның болашағы жоқ .
Тағы басқа әр-түрлі келелі ой- пікірлер айтылды .