Ғылыми мәселенің қазіргі заманғы жағдайын бағалау: Кейде психолог өзін қауқарсыз да, бліксіз сезінеді. Осындай реакцияны сезініп, түсінген өте маңызды: шын мәнінде дәл осы клиент оның себебі болды ма? Оның сезініп, өз–өзіңе мойындау үшін ерлік қажет. Онсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Осы тектес реакцияда есеп беруге қабілетті, түйсіктерін сезінуге ерік–жігері бар психологтар әрқашан сеанс кезінде айтылғандарды еске түсіруге қабілетті болады. Олардың мамандықтарында нығаюдың мүмкіндіктері болғанымен, оларға қиынырақ. Тәжірибесінің басында олар едәуір байсалды қызметтестеріне қарағанда аса білікті көріне қоймайды.