Психологиялық ықпалдың тиімділігінің ерекшеліктері
1.1 Психологиялық ықпалға сипаттама
Адамдар өздерінің психологиялық проблемаларын шешу үшін: рухани ізденісті тереңдету үшін, өзі немесе өзінің айналадығалармен қатынастары жайлы өмірлік маңызды мәселелердің жауабын табу үшін психологтың мамандығын таңдайтын жағдайлар да кездеседі. Әдетте бұл балалық шағында махабаттың обьектісі болмаған, ешкім мақтамаған, масаттанбаған адамдар. Үлгілі психолог, үлгілі клиент сияқты туысқандарынан басқа, достары, қайсібір басқа адамдар енетін үлкен бір жанұяның мүшесі ретінде сезінуі тиіс. Егер психотерапевтің ондай сезімі болмаса,оның клиенттерге ішкіштің, нашақордың немесе «маргиналды тұлғаның» жарлықтарын таңып, сол мезетте ақ алғыр тәсілдермен қорлай бастайтыны күмансыз. Парасатты психолог қорытындылауға асыға қоймайды, өйткені диагностикалық анықтамалар мен психологиялық ықпал ету әдістерінің өзара байланысы аса біртекті емес.
Сонымен бірге, психолог өзінің табиғи артықшылықтары жайында ұмытпауы тиіс. Табиғатынан психолог пен клиенттің қатынастары – жетістік пен сәтсіздіктің арасындағы қатынастар. Өмірін жөнге салған, сірә күрделі проблемалары жоқ психолог, клиентпен оның жұмысты, отбасын немесе өмірдің мәнін табудағы қабілетісіздігі жайлы әңгімелесекенде, өзін клиенттің толымсыздығын езінбейтіндей ұстайы тиіс.
Еліруге, кекіреюге, ауқымды байланыстарды ойға салуға, өзі мен клиенттің арасындағы айырмашылықты ұюға болмайды. Солай бола тұрса да, салыстырулар өздігінен туындаса, психолог мүмкіндіктерінен ұялуға немесе оларды жасыруға, негізгісі клиенттің едәуір қайғылы жағдайда екенін естен шығармаған жөн. Оның жетістіктерін анықтап, бағалай алу, оларға нұсқауда клиенттің оларды азайту ұмтылысын көзден таса қылмауы қажет. Ашық –жарқындылықпен үйлескен осындай мархабатты қатынас практикалық психологияның негізі болып табылады.
Алайда практикалық психолог іс –әрекетінің тиімділігі оның тікелей жеке ұмтылыстарымн анықталып қоймайды. Тұлғалық ерекшеліктері әртүрлі адамдардың психотерапияның әрқилы түрлеріне мұқтаж болытыны, психотерапевтердің клиенттердің үртүрлі типтерімен жұмыс жасаудың тиімділігіне қатысты бір –бірінен жүйелі ерекшелінетіндері анықталды. Психолог нақты әлеуметтік, ұйымдастырушы, экономикалық және басқа да жағдайларда клиенттермен және тапсырыс берушілермен өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды. Сондықтан клиент кеңе беру мен психотерапия жүйесі тиімділігінің маңызды факторы болып табылады. Кейбір адамдардың психологтың қабылдауына бос қызықтаудан немесе оған нақты әлденені дәлелдеу үшін келетін жағдайлар да белгілі. Клиенттің бірлесіп жұмыс жасау, мінез –құлқында әлденені өзгерту ниетінің болмауы психологтың іс –әрекетін біршама қиындатады. Клиенттің лайықты мінез –құлқы, әрекеттерідң ортақ жоспарын ұстану, психологтың кеңестерін орындау практикалық психологтың тиімді іс –әрекеті факторларына енеді.
Практикалық психологиядағы көптеген құбылыстар материалды жағдайлармен: ыңғайлы кабинетпен, сәйкес жабдықтармен т.с.с. анықталады.
Психологтың алдындағы міндеттерді шешу үшін оның диагностиканы және кеңес беруші немесе психотерапиялық іс –шараларды жүргізуге жететіндей қажет уақыты болуы тиіс. Кейде уақыт клиенттің қабілеті жетерлік өзгерістердің жеке – дар ырғағымен анықталады. Әрине, уақыт жөнінде психологтың, клиенттің, кеңес беруші қызметтер жасалынған мекеме басшысының арасында айырмашылықтар болуы мүмкін.
Алдымен диагноситкалық жұмыстың, кейін психологиялық ықпалдардың тиімділігі жөнінде мәселелерді талқылаған ыңғайлы.
Диагностикалық іс –әрекет тиімділігін шарттары мен көрсеткіштері. Іс –әрекеттің критерийлері психологтың ұстанған теориялық негіздерге, сондай –ақ психологиялық ақпараты алуда қолданылатын әдістерге байланысты. Қолданылған теория ғылым дамуының деңгейін және психологтың кәсіби ересектігінің дәрежесін сипаттайды. Психодиагностикалық әдістердің тиімділігі психолог пен тексерілуші адамдардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктеріне де байланысты. Психологтың алатын мәліметтері белгілі дәрежеде клиенттердің –мінез –құлықтарына да байланысты болады.
Стандартталған тесті қолданудың тиімділігі оның мақсаттар мен бастапқы жағдайға сәйкестігімен анықталады. Психолог тестің стандартталуына қатысқан таңдаулардың сипаттамаларын және тестік нормаларды білуі тиіс. Бұл шет ел тестерін қолдануда аса маңызды, өйткені тілдегі және мәдениеттердің арасындағы айырмашылықтар нәтижелер мен олардың талқылануын біршама бұрмалайды.
Психологида өлшеуші әдістерге қатысты нақты талаптар құрылған:
мақсаттың, пән мен қолдану саласының бір мағыналы анықтамасы және теориялық негізділгі, текерілушілердің контингентін көрсеті;
жорамалды және зерттеудің басқа да өлшемдерін білмейтін маманға ұсынуға болатын процедураның бір мағыналы алгоритм ретінде ұсынылуы;
тестік ұпайды өңдеудің, есептеудің және стандарттаудың статистикалық негізделген әдістерінің болуы;
тестік шкалалардың репрезентативтілікке, сенімділікке және валидтылыққа тексерілуі;
өзі–өзіне есеп беру процедураларының сенімділікті қадағалау құралдарымен жабдықталуы.
Психодиагностиканың тиімділігі бағдарламаның даярлық сапасы мен әдістемелер батареясының іріктелуіне байланысты болады.
Диагностикалық бағдарламалардың даярлануы төмендегідей әрекеттерді қамтиды.
Диагностикалау (айқындау) пәнін анықтау (тұлғаның қасиеттері, әрекет етуі, күйзелуі, танымдық процестері, әлеуметтік–психологиялық құбылыстар). Осының негізінде бара–бар әдістемені немесе олардың жиынтығын таңдауға болады.
Таңдалған әдістің көмегімен сәйкес психикалық құбылыстың қалайша айқындалатынын нақтылау.
Әдістің діттеген бағытта зерттегеніне көз жеткізу. Бұл әдістің валидтылығы жайлы мәселе.
Әдістің қандай мақсатта ұсынылғанын анықтап алу (ғылыми зерттеулер үшін, практикалық диагностика үшін немесе кадрлерді іріктеу немесе үлестіру үшін). Диагностикалық әдістер міндетті түрде нәтижелердің құрылған нормалары мен түсінікті интерпретациясы ие болуы тиіс.
Айқындау бағдарламасын кімнің жүзеге асыратынын анықтау; ол психолог болса әдістемелер күрделірек болуы мүмкін;
Әдістің адамдардың қандай қатегориясына арналғанын анықтау (балаларнемемесе ересектер, ауру немесе дені сау адамдар, сауатты немесе сауатсыз сыналушылар; топтар немесе жеке индивидтер);
Айқында ерзімі мен уақытын, сондай–ақ тестілеудің уақыт ьойындағы нормативтерін нақтылау;
Әдістің үнемділігіне деген талаптарды бағалау: тексерудіжәне т.с.с. жүргізу үшін арнайы жабдықтарға, құралдарға қажетсіну.
Осындай мәселелер шешілгеннен кейін жеке тапсырмалардың теориялық негіздер мен нақты мақсаттарға сәйкестігін ескере отырып әдісті құра бастауа болады. Әдістің валидтылығы, яғни оның арналған міндетті шешудегі қабілеті немесе «тест өлшемекші болғанын өлшей ме» деген сұрақтың жағымды жауабы, сапасының негізгі критерийі болып табылады.
Кеңес беруші және психотерапевттік жұмыстың тиімділігі. Психологиялық көмек таралған сайын оның тиімділігі жайлы мәселе одан ары өзектелуде. Психолог қызметінің сапасына және ауқыт бойындағы аспектілерге деген талап артуда. Психотерапияның тиімділігі бірқатар жайғдайларыдың ескерілуімен жүзеге асырылады. Психологиялық көмектің тиімділігін сенімді бағалау үшін белгілі бір әдістің нақты сипаттамасы, сол әдісті қолданатын психологтың біліктілігі жайлы мәліметтер, сол әдіс шешуі тиіс проблемаладың сипаты қажет. Сондай–ақ клиенттердің жалпы санымен арақатынасқан нәтижелердің статистикалық мәнді саны да қажет.
Осыдан кейін кездейсоқ таңдау принципі бойынша іріктелген әдіс қолданылатын клиенттердің контингенті қалыптасады. Проблемды материал тым құрымағанда қайсібір гомогенділікпен сипатталса, тиімділік жайында сенімді материалдарды алуға болады.
Емдеудің тікелей және алшақ салыстырылуы қажет. Қайтара тексерілетін клиенттердің саны репрезентативті болуы тиіс (жалпы санының 90%).
Объективті баға үшін клиенттердің бақылау тобы қажет, өйткені психотерапия курсын өткен күдің өзгерісі қадағаланбайтын жағдайларда жалғасуы мүмкін.
Психологиялық ықпалдың тиімділігін бағалаудың сызбасы психологиялық эксперименттің стандартты жоспарларының біріне сәйкес құралады. Мәселен, алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары мен бақылау тобы. Мұндай жағдайда бірінші кезеңде экспериментті және бақылау топтарында айқындау өлшеуіштері жүргізіледі. Екінші кезеңде экспериментті топқа тәуелсіз айнымалы енгізіледі, яғни іріктелген әдіске сай ертерек белгіленген психологиялық ықпал жүзеге асады. Бақылау тобымен жұмыс үйреншікті әдістермен жүргізіледі. Экспериментті топта алдын ала және қорытынды тестілеуде алынған нәтижелердің, бақылау тобының мәліметтерімен салыстырылуы бағаланған әдістің енгізген айырмашылықтардың маңыздылығын, демек оның тиімділігін сынауға мүмкіндік береді.
Психологиялық ықпалдардың тиімділігін қадағалау үшін нақты жаса ерекшелігіндегі топтың психикалық белсенділігінің динамикасын талдауға және онымен сол ықпалдар қолданылған адамның ішкі әлемінің динамикасын салыстыр мүмкіндік беретін лонгитюдті зерттеулер де пайдаланылады.
Тиімділіктің кез келген критерийінің талдануы төмендегідей нәтижелермен істес болады: клиенттің өз ойлауы мен мінез–құлқындағы субъективті бағаланған өзгерістер; оның ішкі әлесіндегі әртүрлі модальдылықтарындағы құралдармен тіркелген өзгерістер; адамның кейінгі өмірінд көрініс беретін жетістіктердің тұрақтылығы.
Адамның өз–өзін бағалауының динамикасы, басқа адамдарға қатынастары тұлғаның қайта өңделу үрдісін сипаттайды. Сол динамиканың қайтара тестіленуі клиенттің өз проблемаларына әрі психотерапия процесіне қатысты ұстанымдарының алмасқанын бақылауға мүмкіндік береді. Адамның мінез–құлқының қайта өңделуін сезінуімен байланысты өзгерістер маңызды болып табылады. Авторлардың көпшілігі клиникалық симптоматикалық жақсарудың психологиялық ықпал тиімділігінің аса маңызды крийтерийі болып табылатынына келіседі.
Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады. Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады.
Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды.
Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды.
Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті.
Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады.
Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды.
Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады.
Ұйымның басшысы диагностикалық немесе кеңес беруші бағдарламаларды жүзеге асыру үшін психологты тарту жайында шешім қабылдайды. Осыдан кейін ол не болм –аса басқа бір адам оның тапсырмасы бойынша кеңес беруші фирмамен немесе нақты кеңесшімен байланысады. Психолог және оны күтіп тұрған жұмыс үшін осындай алғашқы мезеттер маңызды; келіссөздердің деңгейі көзделген бағдарламаның және лған деген қатынастың күрделілігін айқындайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Басшының шақырылған маманмен тиімді қатысуға мүмкіндік беретін қатынастардың қалыптасуын барлық күшін жұмсайтынына психолог үміттене алады.
Кейбір басшылар кеңес беру жайында шешім қабылдағанда оның мақсатқа лайық болатынына толықтай сенімді бола бермейді. Олар «одан ненің шығатынын» көргісі келеді. Кейде олар «сәнге» немесе шет елдік іскер серіктерінің кеңесіне бағынады, демек жазбаша есепті алумен шектелуі мүмкін.
Біріккен жұмыс өзара қабалданғанда тіркеу түрі (келісім шарт, жазбаша немесе ауызша келісім) жайлы мәселе туындайды. Тек қаржы жағдайлары, есептесу реті, мерзімдер мен бағыныштылық қана тіркелетін ауызшы келісім өте кең таралған. Ауызша келісім өзара сенімділікті танытады. Сондай–ақ келісімнің заң тұрғысындағы қатаң түрі де талқыланады. Психологиялық келісім және іскер, әлеуметтік, қаржылық, ұйымдастырушы мәелелер үйлесетін келісім қажет.
Психологтың пайда болуы әлі де қызметкерлердің жоғары қызығушылығын тудыруда. Олардың ведомствалы және ведомствалылықтан тыс инспекциялардың өкілдерімен қарым–қатынастарының жеткілікті дәрежеде жағымсыз тәжірибесі бар да, әлеуметтік–психологиялық проблемаларды: өздерін, өз бөлімшелерін және тұтастай ұйымды бірігіп зерттеу дағдылары жоқ. Алдын ала кездесулердің өзі кейде ұйымда кеңес беру процесіне деген жасырын немесе ашық қарсылықты, толқынысты (әсіресе басқару персоналының тарапынан), бастамашылдығымен кеңес алу жайындағы мәселе көтерілген басшыға деген ыза туындауы мүмкін. Оның барлығы басшылықтың белсенді қатысуымен білікті психологпен жеткілікті дәрежеде тез жойылатын бастапқы мазасыздық пн нақты тұйықтықты қалыптастырады.
Тұлғаның даралық –психоло –гиялық құрылымы аурулардың барлығының динамикасына ізін қалдырады. Медициналық тәжірибе нақты жағдайларда аурудың ақырын психологиялық факторлардың шешетінін дәлелдейді. Демек, аурудың пайда болу мен жүру барысының психологиялық жағдайларын, сырқаттың емдеу шараларына реакциясын кәсіби тұрғыда зерттеу қажет.
Заңгерлік тәжірибедегі психологиялық ақпарат тергеу қызметінде, адвокаттық іс –әрекетте және сот өндірісінде қолданылады. Заңгерлік іс –әрекеттің қайсібір түріне қатысқан психологтың міндеті қоғамдық өмірдің әділет органдарындағы айрықша психологиялық проблемаларды шешуде оларға көмек көрсетуде. Оның басты қызметі кінәлілердің, куәлардың және жәбірленушілердің тұлғасы мен мінез –құлқының жеке –даралық ерекшеліктерін нақты да объективті бағалау үшін сәйкес деректердің жерттеу әдістері мен арнайы психологиялық білімдерді қолдануда. Көптеген басым жағдайда сарапшы –психолог ғылыми біліктілігінің шегінде анықталған деректердің кәсіби бағасын беруңі тиіс.
Тергеуші сияқты, адвокат та адамдар мінез – құлықтарының мотивтерін, олардың қабілеттерін, өзарақатынастарын және басқа да психикалық және әлеуметтік –психологиялық құбылыстарды және қылмысты мінез –құлықтың ерекшеліктерін сынауда, кінәнің дәрежесін, қайсібір қылықтардың орындалу мүмкіндіктерін бағалауда маңызды болуы мүмкін ғылыми – психологиялық тұжырымдау қажеттілгін кешіреді.
Заң мамандықтарының өкілдері психологқа сұраныстарын құруда адам мінез –құлқының жалпыланған үлгісіне, өзінің психологиялық факторлардың қылмыстық және заңға бағынатын мінез –құлықтағы рөлі жайындағы түсінігіне бағдарланады.
Психолог –сарапшының алдындағы міндеттерді шешу үшін оған қылмыстық істің материалдары ұсынылуы тиіс. Сот –психологиялық сараптаманың алдын ала тергеудің материалдары аз болар ерте кезеңдерінде жүргізген орынсыз. Сарапшының істің жағдайларымен танысуға, тергеу кезінде және басқа да да тергеуәрекеттеріне қатысуға, тергелушіге сараптаманың пәніне қатысты сұрақтарды қоюға, сараптаманы қызықтыратын мәліметтерді хабарлауы мүмкін куәгерлерді және басқа да адамдарды шақыруды сұрауға хұқы бар.
Егер сарапшы түйіндеуге оның құзырына ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігі жайлы қорытындыға келсе, ол осы мәселе жайында психологиялық сраптаманы белгілеген бөлімшеге, оған қандай құжаттардың қажет екендігін көрсетіп, хат түрінде хабарлайды.
Осылайша, хұқылы мінез – құлық мәселесі заңгерлік тәжірибе өкілдерінің, оған қызығушылық білдірген адамдардың және психологтың өзара әрекеттестіктерінің пәні болып табылады. Психологтың осы мәселені шешудегі рөлі хұқылы іс – әрекетте елемеуге болмайтын психологиялық ақпаратты ұсынуда, психологиялық деректер мен заңдылықтарды нұсқауда.
Практикалық психолог мектепке балалар, педагогтық және әлеуметтік психологиядан маман ретінде келеді. Ол өз жұмысында психикалық дамудың жас ерекшелік заңдылықтары мен жеке дара ерекшелігі жайлы, адам мінез –құлқының мотивтері мен психикалық іс –әрекетінің басталары жөніндегі кәсіби білімдеріне сүйенеді. Психолог – мектеп ұжымының тең хұқылы мүшесі әрі педагогтық процестің одан басқа ешкімнің кәсіби тұрғыда қамтамасыз ете алмайтын, атап айтқанда – оқушылардың психикалық даму динамикасын түсіндіріп, оның дамуына жоғары дәрежеде ықпал ете алмайтын қырына жауап береді. Талдау және нәтижелерін салыстыру. Эксперименттік және теориялық зерттеудің нәтижелерін салыстыру жұмысының салдары гипотезаны және оған туындайтын зардаптардың тұжырымын растау немесе гипотезаны нақтылау қажет болып табылады. Кейде ол (теріс нәтижелерімен) гипотезаны қабылдамауы мүмкін.
Қорытындылау. Бұл бөлімде зерттеу қорытындыларын, алынған нәтижелерді тұжырымдайды және қолдағы тапсырмаға сәйкес келуін тексереді. Таза теориялық зерттеулер үшін, осы қорытынды кезең болып табылады. Жұмыстардың басым көпшілігінде кезекті кезеңдері бар.
Нәтижелерін меңгеру – ол таза инженерлік «баптау» аясында таптырмайтын қиыстыру, зерттеу авторлардың қатысуын талап етпейтін жəне нәтижелерін өнеркәсіпте енгізуге, іске асыруға технологиялық принциптері мен жобалау принциптерін дамытуға арналған кезең.
Келесі қадамда келтірілген төрт деңгей талқыланатын болады. Олар: міндеттер қою, гипотеза, теориялық зерттеу, талдау және нәтижелерді салыстыру номинациясы және қолдау.
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттеу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
- жеке;
- жалпы ғылыми;
- жалпылама (философиялық) әдістері.
Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісі: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістерін қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек.
Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады.
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.
Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі - бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нысан мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, нақтылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді. Зерттеліп отырған мәселе бойынша қолда бар ғылыми ережелерді жалпылау және бастапқы ақпаратты зерттеу жолымен ғыцлыми зерттеудің қазіргі жағдайына талдау жасау жұмыс ғылыми гипотезаны ұсынуға мүмкіндік береді. Бұған дейін де анықталғандай, жасалған талдау жұмысы зерттеушіге мәселені қалыптастыруға және оны шешу үшін міндетті қоюға қажетті білім бергенімен, мәселені тікелей шешуге мүмкіндік бермейді. Қалыптастырылған мәселелерді шешу үшін объективті үдеріспен немесе құбылыстар салдарынан туындайтын себептер туралы жаңа ғылыми білім керек. Бұндай білімді жинақтау, ең алдымен, мәселені шешу, ғылыми гипотеза ұсыну бағыты туралы белгілі бір ұсыныстарды қалыптастыру үшін қажет. Бастапқы ақпаратты талдау бізге жұмыс гипотезасын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жұмыс гипотезасы - бақылаулы фактілер туралы білімді жорамалдау немесе ең алдымен, күдікті дамыту процесіне немесе ықтималдық құбылыс қарастырылады. Онда қолданыстағы білім шеңберінен жаңа мазмұндағы ережелеріне тұжырымдалған факт сипатталады, гипотезаның, жаңа идеялар, жаңа ғылыми нәтижелері үшін ізденіс барысында, оның негізінде, ең алдымен, сипатын ескере отырып, алға мақсаттар қойылады. Зерттеу барысында құбылыстың дамуына ықпал тигізетін қозғаушы күші жұмыс гипотезасы немесе кем дегенде, себептері мен шарттары анықталады. Ең негізгісі - зерттеулер жүргізуде құбылыстың даму процесінің толық немесе толық дерлік ықтималдығына түсініктеме береді. Алайда, ғылыми зерттеу процесінде ең жоғарғы гипотезаны теориялық немесе тәжірибелік валидация процесінде алуға болады. Содан кейін ақталған жұмыс гипотезасы ғылыми теориясын әзірлеуге әрекеттердің дамуын растады.
Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты болып, кәсіби қызметтердің аталмыш түріне деген әлеуметтік тапсырыстың көрініс беру формасын білдіреді. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс-әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады.
Жалпы, бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық проблемаға қатысты кеңес қажет болған психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине, психологқа проблемаларын өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуынан алдын ала сақтандыра алатын адамдар келмейді. Алайда, оның іс-әрекетіндегі немесе өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл – психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге, клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл клиенттің проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.
Оқушыларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата–аналар, қызметкерге қатысты ұйымдардың басшылығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер, психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілердің қатарына жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен тәуелсіз «клиентпен» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады.
Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңінен танылған тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата–аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы келмей, қабілеттерін жүзеге асыруға ниет білдірмеулеріне, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгерімдеріне байланысты. Оқушылар өздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.
Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз-өзіне сенімсіздігі, мінез-құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан қатарластарымен, әсіресе қарама–қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым – қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата–аналарымен өзарақатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балаламен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата–аналар мен балалардың, оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата–аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.
Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылығына байланысты тапсырыстар да келеді.
Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет еткен әлеуметтік тапсырысты өзінің күнделікті міндеттерін бастамашылдықпен және шығармашылықпен орындау арқылы жүзеге асырады. Ол өзінің жоспары бойынша жұмыс жасай отыра, дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына қолын көтеріп, сенімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз аулайды. Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сиаттауда сол қызды өте қабілеттілердің бірі деп атайды. Алайда, келесі математика сабағында ол өз өзіне ұқсамайтындай: пысықтығы жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпейді, ал егер сұраса сенімсіз түрде жасқаншақтықпен жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не жатыр? деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған вербалданбаған, көркемделмеген тапсырыстың негізінде психологиялық проблеманы құрастыруы қажет.
Жалпы, клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге, одан кеңес алуға немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Алайда, кейбір жағдайларда (жабық мектептерде, түрмелерде, клиникаларда) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды. Әрине, осындай жағдайда өзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру қиынға соғады.
Клиентке қарағанда, тапсырыс беруші, психолог пен клиенттің арасындағы делдал іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына психологиялық көмектің қажет екендігін сезінетін, алайда оны өз күшімен жасай алмайтын интуитивті психолог рөліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта өңдеу іс-шараларын шешу жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс-шаралардың бастамашысы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен тапсырыс беруші бір адам болуы мүмкін. Ондай жағдай психологқа түскен жеке-дара көмек, топтық (тұлға аралық) психодиагностика мен кеңеске ұласып, өзарақатынастардағы дау-дамайлардың шешілуін болжағанда орын алады. Егер де, адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және ол жайында талқылау үшін келдім» деп көмек сұрай келсе, психолог проблеманың орталық үзбелісі балалар болмаса да, олар жайлы тақырыпты елемей қоя алмайды.
Тапсырыс беруші психологқа клиенттің әлеуметтік мәртебесінің, проблемасының өзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол көзделген психологиялық көмектің мерзіміне, көлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатысты жағдайлар жөнінде алдын ала ескертеді.
Он төрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсырыс берушісі бола алмайды, өйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес өз әрекеттеріне заңды жауап бере алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңберді қалыптастырады. Сондай-ақ бұл – практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы мәселе. Егер де клиент он төрт жасқа дейінгі бала болса, ол жайлы психологиялық ақпарат оған жауапты адамдарға хабарланады. Ата-аналар немесе қамқоршылар сірә, ол ақпаратты баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар.
Ересек адамға оның өзі пайдаланып, проблемасын қабылдап, шеше алатын психологиялық ақпарат хабарланады. Клиенттің психологиялық проблемасының шешімі қандай тиімді болса да, ол тек психологтың ойына ғана келсе, оны клиентке таңуға тырысудың қажеті жоқ. Мұнда адамдардың психологиялық мәдениеті нақты (алайда негізі емес) рөл ойнайды. Ол практикалық психолог қызметіндегі психологиялық ақпаратты алу, ұсыну және пайдалану қиыншылықтарының алдын алады.
Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі, мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Осыған орай, көптеген мәселелер психологтардың барлық елдерде кеңінен таралуы кәсіби және әдептілік кодекстері арқылы шешіледі. Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айрықшаланып тұратын, он түрлі негізгі кәсіби қызметінің сапасы, біздін ойымызша, оның жеке басының алатын орнын нақты анықтауға және оның кәсіби дайындық барысындағы «Мен-тұжырымдамасын» белгілеуге мүмкіндік береді.
Сонымен өз ісіне білікті психологтың кәсіби қызметінің төмендегідей белгілермен айырықшаланатынын тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттеріндегі материалдарға сүйенеміз.
Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда,өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.
- Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне қөңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог – бұл мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді.
- Өз ісіне білікті психолог вербальды және вербальды емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білуі керек.
- Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.
- Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.
- Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өйткені жұмыс барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.
- Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.
- Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін «Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог «Мен» деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандартты деп түсінеді.
- Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударушының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы бір-бірінен нақты ажырата алады.
- Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметті барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзіңде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.
- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрәжесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестермен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының «Мен тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.
- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.
- Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істеймін»- дегені оның өз ісіне жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өзі үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, өзінің «Мен тұжырымдамасын» психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: «психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын»- деген сенімді ойда болады.
- Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады және де керісінше клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өз ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер ету, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды.
Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айырықша көрсеткендігін байқатады.
- Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог оларды негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теорияны ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.
- Өз ісіне білікті емес психолог бір ғана өзіне танымалы теориямен жүруді көздеп, альтернативтік ойларға көңіл аудармайды, ол басқа көзқарастарға жүйе ретінде талдау жасай алмайды, басқаша айтқанда өз ісіне білікті емес психологтың қорытындыланған теориясы өзінің жеке ойының нәтижесі емес.
- Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтық көрінісі деп түсінумен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді. Ол теорияны адамның мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты жетілдіретін және өзгертетін , ойлаудың тәсілі деп қарастырады. Осыған орай, өз ісіне білікті психологтың қатынасы өз мәнерінде кез-келген теорияны ойлауда адам өмірінің психикалық шындығын, сондай-ақ мәдени және жыныстық тиістіліктің шындығын бейнелейтін кезеңдерде бөліп қарауға негізделген. Басқа сөзбен айтқанда өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көрінетіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.
- Өз ісінің білікті емес психолог әр түрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Өз ісіне берік психолог позициясы кәсіби рефлекске құрылады, ал өз ісінің берік емес психологтың позициясы Мен-концепциясына құрылады. Мұны мына төмендегідей формуламен көрсетуге болады.
ПБП (практикалық білікті психолог) - (жалпылама теория; Мен-психолог; «Мен-тұжырымдама»), бұл жерде ПБП өз ісіне білікті психологтың позициясы. Ол жалпылама теорияның рефлексиясына, оның кәсібіне қатынасы, мен-тұжырымдама мазмұны рефлексиясы дегенді білдіреді.
ПБК (Мен-психолог; Мен-тұжырымдама), бұл жерде өзіне көңіл аударған адаммен қарым-қатынас мәнісі (Мен) практикалық психологтың Мен-тұжырымдамасының мазмұнымен анықталады.
Бұл формуларлық негізінде сипаттау өз ісіне білікті практикалық психологтың күрделілік дәрежесіне қарай оның жұмысын ұшқыштың жұмысына тең келетін күрделі сәт. Мұның өзі тұрақты кәсіби рефлексияның өзіне көңіл аударған адаммен /тұрақты/ қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі, яғни кәсіби нақты әрекет жасай отырып, пайдалы психологиялық көмек көрсетудің көрінісі деп айтуга болады. Қазіргі кезде психология ғылымы - көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз. Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз. I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні - адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады. Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерің оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тэрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды. II. Жас кезеңдерінің психологнясы - әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді. III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология - нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” - зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопснхология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады. IV. Еңбек психологиясы - адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты - әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психолоеия - бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” - жұмыс және “номос” - заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теорйя-сынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зертіеледі. Эргономика, негізінен, “адам - машина - орта (еңбектену) жағдайын” қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерів жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды. Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді. Ғарышкерлік психология - адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді. Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.) қатысты больш келеді. V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия - ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады. VI. Әскери психологияның ең басты міндеті - азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі, VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады: а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык, және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады. ә) Кіші (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді. б) Қогамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны, Азамат - әлеуметтік психологиянын. зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |