1. Негізгі мәліметтер
Факультет
|
«Су, жер және орман ресурстары»
|
Білім беру бағдарламасы (шифры, аты)
|
6В07308 – «Кадастр»
|
Курс, семестр
|
3-курс, 5-семестр
|
Пән статусы
|
БП/ЖК
|
Кредит саны
|
5
|
Сабақ өтетін аудитория
|
№ Л2, 6- оқу ғимараты №401 ауд.
|
Дәріскер
|
Куралбаева Роза Есенгалиевна, аға оқытушы
|
Практикалық сабақтарды жүргізетін оқытушы
|
Куралбаева Роза Есенгалиевна, аға оқытушы
Джаймаханова Жанар Айдарқызы, оқытушы
«Х.Д. Чурин атындағы Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасы, №3 оқу ғимараты, №401,511 ауд. №4 оқу ғимараты №403 ауд. тел. 262-19-64
Консультация мерзімі: әр сейсенбі сағат 1500-1700
|
2. Пререквизиттер және постреквизиттер
|
Пререквизиттер:
|
Геодезия; Математика
|
Постреквизиттер:
|
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау, Жылжымайтын мүлік экономикасы, Жерді пайдалану экономикасы
|
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
|
Мақсаты: Әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар құру және бизнесті ұйымдастыру саласында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
|
Міндеттері: кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыру;
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәселелерін зерттеу мен оның тиімділігін бағалау;
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен оны дамытуды қолдау механизмдерін анықтау мен пайдалану.
|
4. Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі
|
Барлығы
(көлемі)
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс жұмыс БӨЖ
|
Дәріс
|
Практикалық сабақ
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
5 кредит
150 сағат
|
50 мин./саб.
|
50 мин./саб.
|
25 сағат
|
75 сағат
|
15 сабақ
|
35 сабақ
|
5. Пәнді оқығаннан кейін студент:
- кәсіпкерлік қызметтің мәні,мазмұны және негізгі түрлері білуі тиіс:
- кәсіби білім берудің ажырамас бөлігі болып табылатын және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру барысында тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін алуан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен фирмалардың қызмет ету механизмдері туралы; дағдысы болу керек
- Кез-келген кәсіпорын, фирма жұмысын алып кетуге құзыретті болу керек.
|
6. Курс саясаты
Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу.
Ең жоғарғы балл студентке тапсырманы толық және уақтылы орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған студент емтиханға жіберілмейді. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін студент ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% - дан жоғары балл алуы керек.
Емтиханда студент ең жоғарғы балл 100% алады. Жоғары балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық жауап беруі керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды. Студенттердің оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады. (білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген).
"FХ" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, студент осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Транскриптте FХ және F бағаларын қоса алғанда, білім алушының қорытынды бағасын көрсете отырып оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.
Емтиханда билетіне 3 сұрақ кіреді (3 сұрақ ауызша). Әр сұрақ 100 балға дейін бағаланып, және орташа балл шығарылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |