Экскреторлы урографияға дайындау.
Мақсаты: зәр жолындағы
Венаішілік урография жасар алдында сырқат адамға 2-3 күн бойына арнайы диета (қара нан, жеміс-жидек, тәттілер жоқ) тағайындалады. Зәр шығару жүйесін зерттеуден 12 сағат бұрын ас қабылдау мен сұйық ішуді толығымен тоқтатады. Түймедақ қайнатпасы қосылған тазарту клизмасын кешқұрым және тексеруге 2 сағат қалғанда жасайды. Метеоризм (іш кебуі) болғанда түймедақ шөбінен жасалған тұнба және карболен беріледі.
Зерттеудің дәл алдында қуықты босату қажет. Алдымен бүйрек пен зәр жүйесін шолу рентген суреті жасалады. Сол арқылы науқастың зерттеуге дайындығы тексеріледі. Одан кейін көк тамыр ішіне рентгендік контрастты заттар (верографин, урографин) енгізіледі. Бұдан соң ретімен бірнеше рентген суреттері жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |