4. Курс форматы
Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, практикалық сабақтар, студенттің оқытушымен өздік жұмысы. Мұнда оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Әрбір сабақтын бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/ дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды.
Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердің міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, онда кафедрада бекітілген қосымша сабақтың графигі бойынша қосымша сабаққа қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |