СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Тәуекелділікті басқару» курсы бойынша кредиттік технологиямен оқитын студенттерімен СӨЖ орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тақырыптарды зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 1,25 см-ге тең.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs NewRoman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.
СӨЖ орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі керек. Орындалған СӨЖ белгіленген кестеге сәйкес www.semgu.kz (студенттік сервис) порталына жіберілуі тиіс.
Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады. Пән бойынша екі рубеждік бақылау тест және жазбаша тапрсымаларды орындау бойынша алынады. Пән бойынша жазбаша емтихан қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |