Байланысты: Сөз мәдениеті және оқыту. Қосымша материалдар
Қазіргі стилистика ғылымы өзінің жаңа мазмұнымен жаңа бағыттарын әкелуде.
Бүгінгі күні стилистиканың жаңа бағыттары жеке пән ретінде оқытылуға әлеумет тарапынан сұраныс тудырып отыр.Оқу құралының алғашқы тарауы стилистика және прогматиканның күрделі де кең ғылыми-теориялық мәселелерін шешуге арналған.
Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі антикалық риторика жəне поэтика, шешендік өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
Жалпы, тіл ғылымында стилистика белгілі тарихи дəуірді бастан кешіргенмен, ол өзінің алғашқы мағынасынан айтарлықтай өзгертілген жоқ. Ресейде стилистиканы ғылыми тұрғыдан зерттеу мəселесі XVIII ғ. басында стилистика таза ғылымның нысаны ретінде қарастырып бастады, тілдің функциональдық қызметін жан-жақты зерттеу нəтижесінде функциональдық стилистиканың негізі қаланды. Оған тілдің əдіс - тəсілдері туралы XIX ғасырдың аясында қаланған ғылыми таным- тұжырымдар негіз болды. Жалпы лингвистикалық ғылымының жеке ғылымдардың əдіс- тəсілінен стилистикалық талдау əдістері қолдана бастаған болатын.
Стилистикалық талдау əдістерінің (орыс тілі ғылымындағы орны бойынша) негізі - тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің əлеуметтік мəні мен қызметі. Стилистикалық талдау əдістерінің негізі қалауына осыған байланысты жазыдған В. Гумбольдт, А.А. Потебня, Ф. Де Сюссор, Б. Д. Куртэнэ, М. М. Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы болды. Əлемдік тіл білімінде, орыс тіл стилистикасы ғылыми тұрғыдан зерттеледі.
Еліміздің егемендік алуы жəне тіл заңының шығуы қазақ тілі функциональдық, ресурстар стилистикасын зерттеу бағыттарын жаңа мазмұнда қайта қарауға тікелей ықпал етті.
Стилистика ( лингвистикалық стилиика, лингвостилистика, жалпы стилистика) – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тəсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдауын, қатысымдық əрекетінің функциясын атқарады.Тəсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал- тəсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті- прогматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді. Стилистика көптеген ғылыми- практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал- тəсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай- ақ ұлттық əдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларын шешіп береді.
Стилистика ғылымының зерттейтіні – стиль. Стильдің мəселелері мағынасы "ағаш қалақша" сондай- ақ, стиль "адам мен мəдениет" ғылымына да жататды, "стиль- адам" (Бюффон), ендеше стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуы тікелей адамға қатысты. Сондықтан стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары, өте кең тілдік пəндері кешенді түрде зерттелуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тəсілдеріне үйретеді əрі стилистикалық тəсілдер коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мəтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика ғылымының теориялық негізгі басты тұжырымдарын былай саралауға болады:
- стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды;
- стилистика прагматиканың отралық категориясына жататын прагматикалық факторды толық есепке алып отырады;
- стилистикада тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын өзіне толық байланыстырып отырады;
- стилистикалық ұғымдар мен категориялардың басты қызметі стилистикалық мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алады;
- стилистикалық амал- тəсілдер стилистикалық норманы қалыптастырады;
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық əлеуметтік ықпалы ерекше стилисикалық əсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық жəне толық факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына ортостилистика, функциональдық стилистика, көркемдік тəсілдерін стилистикасы, прогматикасы жатады.
Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мəселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді.
Қазіргі жалпы қазақ стилистикасының көкейтесті мəселелері мынадай:
- қазақ əдеби тіл тарихындағы стильдердің пайда болуын қайта қарау;
- көркем əдебиет лингивистикалық поэтикамен байланыстыра зерттеу;
-мəтін стилистикасының өзіндік құрылымы мен жүйесінің мəселелерін айқындау;
- сөз, сөз жанрларының, сөйлеу актілеріндегі құрылымының стилистикалық жетістіктері мен тиімділігін прагматикамен бірге қарау;
- стилистикалық, коннотация, стилистикалық катергория, стилистикалық норма жəне оның статусын көтерудегі прагматиканың рөлін анықтау жəне т.б.
- стиль түзуші тілдік емес факторларды ғылыми тұрғыдан саралау
(паралингвистика, прагматикалық фактор, ойлау стилі жəне т.б.)
Стилистиканың мəн-мазмұны мен тілдік функциональдық аспектісі динамикалы болып келеді, стиль өзінің табиғаты жағынан динамикалы жəне функциональды құбылыс ретінде танылады. Қазіргі көптеген лингвистикалық зерттеу нысандары бола алатын өзінің жанашылдығымен ерекше көзге түсетін прагматика мəселесі стилистика ғылымында ғана өзінің көп астектілік рөлін жан - жақты көрсете алады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі - стилистиканың орталық бағыты функциональдық стилистика. Функциональдық стилистика қоғамның əр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары əрі сөздің базалық, экстралингвистикалық жəне стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функциональдық стилистика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың негізгі бағыттарының бір - ресурстар стилистикасы.
Тіл ресурстары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталынады. Тіл ресурстарстилистикасы сөздердің мəтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды.
Қазіргі қазақ стилистикасын жалпы прагматикалық аспектіде тұтастай зерттеуге мүмкіндік беретін синхронды стилистика жетекші рөл атқарып отыр. Функциональдық стилистика өзі іштей жіктеледі, көркем əдебиет стилі - оның бір тармағы.
Көркем əдебиет стилі- стилистикада əдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем əдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы əдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік - стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстарыда кездеседі. Көркем əдебиет тіл аясынын негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен соған қарамастан "көркем əдебиет тілі" бір- біріне ұқсас емес. Көркем əдебиет стилі өзінің əдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын еш уақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық əдеби тілінің тілдік-стильдік ерекшеліктерін көркем əдебиет стилінде көрсетіліп отырады.