Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі22,63 Kb.
#125301
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
психхх

Міндеттері:
- өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
- студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
- студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
- студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
- отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру;
- студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау.

Қорытынды

Студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін оқу орындарында қалыптастыру сияқты мәселенің айқындалған жақтары келешекте білім беретін оқу орны мен мамандықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып студенттердің, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын жүйелі жүзеге асыру, орта мектепте бейіндік оқытуда жоғары сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау бағытындағы мәселелерді зерттеуге ннегізі.

Қолданылған әдебиеттер:

Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования.-Алматы: Алем, 2000. – 381 с.

Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. –Алматы: «Білім», 1994. -192 б.

Баймукашева Г.К. «Ғылыми зерттеу әдістері» - Арнайы курс. — Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспа орталығы, 2008. – 35 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет