СТУДЕНТТЕРДІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК
ҚЫЗМЕТІНЕ ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ
Білім – асыл қазыналы сандық,
Оны ашатын кілт – еңбек.
П. Буаст
Жеке тұлғаны дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болып табылады. Жұмыстың басты мақсаты да осы болмақ. Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту үшін, ең алдымен студенттерді дайындауда ғылыми - зерттеу жұмыстарына икемді етіп тәрбиелеу айқындалып отыр. Бүгінгі ұрпақ – қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан студенттердің ғылыми-зерттеушілік қызметін қалыптастыру уақыт пен зор еңбекті талап ететін, жауапкершілігі мол жұмыс. Соның негізінде студенттерге жоғары сапалы білім беру - ол ізденіс арқылы, білім алушының құштарлығы мен қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану арқылы өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. Ғылыми жұмыс жазу барысында студенттің бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек.
Жалпы ғылыми - зерттеушілік жұмыстарға қабілетті, көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесіне, алдына қойған мақсатына қалай да жетуге тырысатын, адамгершілік құндылығы дамыған, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял күші басым студенттермен жұмыс жасалады.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге тоқталған жөн:
- әрбір студенттің жек-дара ерекшеліктерін ескеру;
- студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру болып табылады. [1].
Қабілеттілерді ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші студенттерге практикалық көмек көрсету, психо-диагностикасын жүргізу, қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. [2]. Студенттердің дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде
-сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу;
-үйірме, клубтар жұмыстары;
-олимпиадаға дайындау;
-конференция;
-КВН;
-дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.
«Ғылыми –зерттеу » түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында»: «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.
Студенттерді ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық қызметке дайындауда, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінде педагогика пәнінің мұғалімі Ақмарал Ыдырысқызының бастауымен «Жас ғалым» атты элективті курсын ашқан болатынбыз. Бұл курстың негізгі мақсаты – ғылыми - педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында рухани - адамгершілік құндылықтар мәселесіне мән бере отырып, студенттердің теориялық ойлауы мен шығармашылық зерттеу, жобалау қабілеттерін дамыту.
Негізгі міндеттері:
1. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздерімен таныстыру;
2. Зертеу жұмысының ғылыми аппаратымен (өзектілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, ғылыми жаңалығы және т.б.) таныстыру;
3. Студенттерді ғылыми-зерттеушілік қасиеттерін дамыту;
4. Студенттерді өз бетінше ізденуге дағдыландыру;
5. Студенттердің ғылыми сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
6. Студенттер бойына құндылық қасиеттер: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштықты қалыптастыру.
Курстың сабақтары студенттердің зерттеу жұмыстарын белсенді түрде меңгеруіне бағытталған. Зерттеу - өз бетімен іздену, баяндама дайындау, таңдаған тақырыптарға жобаны жасау арқылы білімдерін толықтырады.
Зерттеу барысына қойылатын талаптар:
- студенттердің пікір білдіре алу қабілеттері мен ойларын еркін жеткізе білуге көмектесу;
- студенттердің ой-пікірлерін айғақтармен ұштастыруға үйрету;
- алдын ала болжау, түрлі нұсқауда түсінік бере білуге үйрету;
- студенттерге зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе, шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру;
- студенттерге алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану мүмкіндігін бағалай білуге мүмкіндік беру [1].
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады,»- дейді. Сондықтан осындай мақсат пен міндеттерді, талаптарды алдына қойып отырған бұл «Жас ғалым» элективті курсы да студенттердің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, соның ішінде ғылыми-зерттеушілік қызметке дайындауда өз үлесін қосуда. Ол курстың бағдарламасында қарастырылған әрбір тақырып осы мақсатқа бағытталуда. Мәселен, осы жылдың барысында «Жас ғалым» курсында бірнеше іс-шара өткізу көзделген болатын. Соның бірі «Ұстаз болу – ұлы іс» атты тақырыпта «Жас ғалым» курсынының мүшелері тамаша ұстаздарға тосын сый ұйымдастырды. Онда айтылған тілектер мен ән шашулар студенттердің жеке шығармашылығынан болды. Сонысымен ұстаздарын тәнті ете алды.
Сонымен қатар «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығының 3 – курс студенті – мен, яғни Советбаева Айдана «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік интернет –конференциясына қатысып, мақаласы zkoipk.kz сайтында жарияланды. Және де І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Педагогика және психология » секциясы бойынша қатысып І-орын иеленді. Бұл ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы жағымды көрінісі, болашақққа бастар жолы болып табылады.
«Ұлы Жеңістің – 70 жылдығына» орай «Әзілхан Нұршайықов: «Артиллерист. Студент. Журналист. Жазушы» атты тақырыпта шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Кеште элективті курстың студенттері Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяны мен шығармашылығын талдап , жан-жақты қарастырды. Бұл кештен жасаған қорытындымыз Әзілхан Нұршайықовтың еңбектерін оқырмандардың қаншалықты сүйіп оқитынына куәгер болып, болашақта оқырмандары көбеймесе, азаймайтындығына көзіміз жетті. Кешті ұйымдастырушы курс мүшелері мен қатар қатысушы ұстаздар мен студенттер мол рухани байлық жинап тарқасты. Болашақта «Жас ғалым» курсының педагог мамандарды жан-жақты тәрбиелеуде зор үлесін қосады деген сенімдемін.
Мен болашақ бастауыш сынып мұғалім мамандығы бойынша оқитындықтан бұл элективті курстың бізге берер пайдасы мен мол мұрасы көп деп есептеймін. Себебі, біз қазақ елінің болашаған тәрбилеп, рухани құндылықтарды насихаттап, мектеп табалдырығында жүргеннен бастап ғылым мен білімді оқушы бойына дарыта білуіміз керек. Ғасырлар бойы ел жадында сақталған, тот баспаған қаншама ғылыми еңбектер – халық мұрасы, ұлтымыздың рухы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек»- деп айтқан болатын. Осыған негіздей отырып,
«Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек...
Жалғыз ғана оқуменен теңделмейсің,
Алты ауыз азғын болсаң қоян жүрек», -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай әрбір оқушының танымдарын кеңейту біздің қолымызда. Ал оқушыға дәл осындай тәрбие беру үшін міне, осы «Жас ғалым» элективті курсының пайдасы ұшан теңіз.
Сонымен, жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстар барысында бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қарым –қатынасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру. Қорыта келе, жалпы студенттердің ғылыми –зерттеушілік қызметке дайындауда жұмыс жасап жатқан «Жас ғалым» атты элективті курсының бағдары мен бағыты дұрыс жолға қойылған деп есептейміз. Гуманист –педогог Я. Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді». Ақиқатында, егер оқу мен тәрбие процесі үйлесімді ұштасқанда ғана шәкірттеріміз жеке тұлға ретінде дамитын болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» № 4,6. стр. 13, 19, 21
2. «Педогогикалық кеңес» журналы № 2,3 2011жыл стр, 17,23,27.
3. Білім және ғылым басымдықтары. Қазақстан ғылымы. 2000
4.Скибицкий Э.Г., Скибицкая И.Ю. Жас зерттеушілердің құзыреттілігін қалыптастыру / /Білімі әлемінде журналы, №4, 2007 -10-15
Резюме
Сейчас в образовании формирование и развитие научно-исследовательской компетентции студентов, является одной из важных проблем. Для решения этой проблемы, очень важно гармоничное сочетания учебно-воспитательного процесса, также правильно организованные внеклассные и мотивирующие мероприятия, что развивают научно-исследовательскую компетенцию студентов.
Resume
At present, in the system of education an important value is to form and to develop students' scientific research competence. In the decision of this issue in the first place it is first of all necessary arranged to combine a educational process, that is the only way to develop the students research competence. It is properly organized extra curricular activities and work to stimulate.
Достарыңызбен бөлісу: |