Студенттердіѕ жеке ќасиеттерініѕ дамуын зерттеу жјне ќолдау



бет10/31
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#84636
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Дип.-СТУДЕНТТЕРДІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ДАМУ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

сыртқы түрткілер- (танымдық және әлеументтік).

  • ішкі түрткілер- (өз мақсатына ынталандыратын және ниет тудыратын).

    Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:

    1. Танымдық түрткі:

    а) оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері:
    ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:

    1. Әлеуметтік түрткілер:

    а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
    ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
    б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
    Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары адамдада оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктере байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
    Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл- үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі.
    Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б. Жарықбаев, Ә.Алдамұратов [16] т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып келеді. Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология, философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді. Эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі. Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі нәтижесінен қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т. қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әрнәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.
    Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады [17].
    Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық. Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.
    Ж.Р.Баширова мен Н.С. Әлқожаеваның “Иман - тәрбие негізі” атты еңбектерінде имандылық, адам баласының бойында шын мәнісіндегі сенім мен сезімді тәрбиелейді дейді. Сенім деген ұғымға бір жақты қарауға болмайды, ол тек құдайға, Аллаға сену дегенді білдірмейді, сонымен қатар ғылымға, білімге, болашаққа адамның бір-біріне сенуін де сөз етеді. Бұған адамның талғамы, тәрбиесі, өскен ортасы, жанұясы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Қызығу сенім, талап, мұрат, адамды әркезде іс-әрекетке талпындырып ең күшті қозғаушы түрткілердің бірі болып табылады [18].
    Түрткілер, қызығулар адамның іс-әрекетінде анық байқалады – деген тұжырым жасаған. Яғни, адам өзі сенген нәрсеге ғана қызығушылығы артады.
    Студент өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер. Оқудың міндеті – оқушыларға ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден тұрады. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, ыждаһаттылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге, шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке уағыздайды.
    Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып, психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу) логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда болуы. Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
    Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді. Еңбек үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік- адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев [20].
    Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алудың көрінісі. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділікті амалды жүзеге асырудың тәсілі деп те қарастыруға болады. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Адам түрлі ғылыми білімдерді үйренеді, бұл үшін ол сан алуан амал-тәсілдер қолданады, мақсат-бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі проблемалық жағдайларға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен айналысады.
    Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әркетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
    Танымдық түрткілер - оқушының басқа адамдармен әртүрлі әлеуметтік өзара қарым-қатынасының байланыстылығы. Танымдық түрткілер бірнеше топтарға бөлінеді. Олар: кеңейген танымдық түрткілер- оқушының жаңа білімді дамытуымен байланысты. Тағы да деңгейі бойынша бөлінеді. Бұл деңгейлер білімге деген қызығушылықтармен анықталады [21].
    Ал, А.Н.Маркова танымдық түрткілерді үш топқа бөліп қарастырған.

    1. жаңа білімдерді игеруге бағыттау мен сипатталатын ауқымды оқу түрткілері;

    2. білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталған оқу-танымдық түрткілер;

    білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталумен ерекшеленетін, өз бетінде білім алу түрткісі.
    В.А.Сластенин [22] тұжырымдауынша түрткі студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:
    - жеке тұлғаның қалыптасуының негізі,ол студенттің әрі қарай дамуының факторы ретінде көрінеді;
    -ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі болады;
    - танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге шығармашылық күш беріп, білім сапасына, оның тереңдеуіне әсер етеді;
    - өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың дамуының ішкі шарты болып табылады;
    Аталған зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен қызығушылықтар- оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі қарай жетілдіреді. Яғни,ғылыми танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге, ізденуге деген қызығушылықтарын туғызады.
    Ал,өзіндік білім түрткісі – оқушылардың білімін жетілдіру әдістері. Бұл деңгейлер оқушылардың нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді.
    Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға бөлінеді. Кеңейген әлеуметтік топтар деп оқушылардың өз Отанына, қоғамына тиімді болу үшін білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз борышын өтеу, жауапкершілік сезіммен оқу керектігін түсінуі деп есептеген жөн [25].
    Студенттердің оқуға деген негізгі екі түрлі мотивтері болады:

    • Табысқа жету;

    • Танымдық мотив.

    Танымдық мотив оқу-танымдық әрекеттің, яғни ойлау іс-әрекетінің негізін құрайды. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуация кезінде пайда болады да студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынасының дұрыс жағдайда өрбуіне өсіп, дамиды. Ал, табысқа жету мотивтері оқыту процесінде танымдық және кәсіби мотивтерге бағынышты болады.
    Студенттердің даму ерекшеліктерін зерттемес бұрын адам, жеке тұлға ұғымдарын қарастырып, анықтама беріп өтсек.
    А.Н. Леонтьевтің [26.18] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
    Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерінен қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.
    Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады [27,8].
    Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
    Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі.
    Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
    Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.
    Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
    Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
    Жеке. тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
    Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [29].
    Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады[30,13].
    Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе, республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды.
    Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
    XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай …” –деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын зерттеген [31,16].
    Бұл арқылы біз, студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.
    Студенттік шақ - жастық шаққа кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімімен тұлғалық дамуын айтуға болады.
    Сондай-ақ құндылық бағдарлауы, мамандық таңдауы және ересектер өміріне аяқ басуы мен жеке өмір сүруі қалыптасады. Бір топ ғалымдарымыздың пайымдауынша “Жастық шақ“ 16-18 жас пен 22-25 жас аралығы болып есептелінген. Біз осы ұсынысқа сүйене отырып, студенттерді осы топқа енгіздік. Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы, қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер ететіні мәлім.
    ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологтардың шығарған теориялық көзқарастары жастық шақтың романтикалық концепциясы болады. Оның жалпы пішінін Жан Жак Руссо ұсынған болатын [33]. Психолог Гезеллдің пікірі бойынша 11-21 жасқа дейінгі аралық жастық шақтың еншісінде, осы шақ балалықтан үлкендікке өту кезеңі болып табылады. 11-16 жас аралығының өте маңызды ескерте отырып, Гезелл он жасты “алтын жас“ деп атайды.
    Мүшелі жасқа өту кезеңінде бала өмірдің қиыншылықтарын жеңіл қабылдап, сыртқы жағдайларға аз көңіл бөледі. Ересек шаққа өту кезеңінен бастап, жас өспірімдердің өзіндік ойымен философиясы қалыптаса бастайды.
    Философия ғылымы жеке адамның дамуын, дүниетанымын, қоршаған ортамен байланыстылығының басты қасиеттері жайында зерттейді. Философия тілдің танымдық қызметін санамен байланыстырады. Терең де орнықты білім мен іскерлік-дағдылары адамның теориялық, дүниетанымдық негізін қалыптастырады.
    Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту,білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады.
    Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’ латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді.
    Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін- ол қоғамдық сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. Дүниетаным- ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. “Дүниетаным- адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы”деп қарастырады З. Серікқалиұлы [38,6].
    Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі құрылымдарына тоқталып өтейік:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет