ғылымға қарсы көзқарастарға сын қатынастардың қалыптасуы
интелектуалдық сезім мен диалектикалық ойлаудың дамуы
өзіндік сенімдерді топтастыру барысындағы қатал еріктің пайда болу мүмкіндігінің дамуы
Осы барлық міндеттердің шешімі өнегелі, мәдени, экономикалық және экологиялық тәрбиелер нәтижесінде сараланады. Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, болашақ мамандардың дүниетаным аймағының кеңейуін қадағалайды да оның нәтижесі үлкен маңызға ие. Дүниеге көзқарас дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниеге көзқарастың өзі адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы. Жеке адам болып қалыптасу үшін оның міндетті түрде туған жері, өскен ортасы, тұрақты мемлекеті, ата-анасы, бауыр-туыстары, дос-жарандары, білім алу жолындағы ғылыми орталары т.б. болуы шарт. Осы аталғандардың нәтижесінде адамның дүниеге көзқарасы, дүниетанымы дамыйды. Қортындылай келе дүниетаным жалпы жеке адамның, оның ішіндегі арнайы дайындалатын болашақ мамандардың қалыптасуында үлкен рөлге ие бола отырып, олардың ары қарай нағыз кәсіпті, білікті маман болуына көмектеседі. Дүниетанымы жоғары, дүниеге көзқарасы кең адам әр уақыттада өзінің мамандығына адал, біліктілік, кәсіби деңгейі жоғары, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік болары анық. Гуманизм мен гуманитарлық білімнен саяси, экономикалық, экологиялық, құқықтық, өнегелік, көркемдік-эстетикалық, физикалық мәдениет және т.б. негізгі тәрбиелерді бойына сіңірген мәдени тұлғаны дамыту, кең мәдени тәсілдерден туындайды.
Тұлға мәселесі психологияда көбіне орталық мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта тұлғаның психологиялық мәнін түсінудегі ізденістер аяқталған жоқ. Дәл осы тұлғаның және іс-әрекеттің құрылымы ең бірінші негізгі ғылыми зерттеу әрекетінің мәдени шеңберін анықтайды.
Кәсіби білім беретін оқу орындарындағы болашақ маманның даярлығының сапа көрсеткіші ретінде Д.В. Чернилевский мен О.К.Филатов еңбектерінде негізделген.
Нарықтық қатынастың мәнін анықтайтын өзекті түсінік - бәсеке түсінігі. Мамандардың бәсекеге түсу мүмкіндігіне сәйкес бірқатар параметрлерді бөліп қарастырайық.
Техникалық (мамандық және мамандандандыру: бағдарламаның сағаттық, пәндік, үлгілік негізгі көлемі стандартқа сәйкес даярлық деңгейі немесе оның саласының жоғарылауы мен пайдалану шекарасы, алынатын құжат т.б)
Экономикалық (барлық шыққан шығынды есепке алғандағы маманның даярлығына жіберілетін шығын).
әлеуметтік-ұйымдастырушылық (тұтыну құрылымының әлеуметтік есебі, яғни, бітірушілер мен жұмыс берушілердің, сол сияқты өндірісті ұйымдастырудың ұлттық және аймақтық ерекшелігі).
тұлғаның білім алу қажеттілігін қанағаттандырудағы кәсіби білім беру ролінің артуы,
білім берудің әралуандылығының тиімді түрін іздеу және таңдау;
оқу орындары ұсынатын қосымша білім беру қызметі саласының дамуы;
сәйкес мөлшерлік-құқылық база және психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуді қалыптастыру арқылы студенттердің өз бетімен білім алу жолына жағдай жасау;
оқыту мен оқудың тәсілі мен жүйесін дамыту;
Кәсіптік білім беру кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады.
Болашақ маман тұлғасының кәсіби дайындығының ғылыми және
жалпы- ғылыми және қоғамдық- саяси пәндерді оқыту жүйесі;
педагогикалық оқыту жүйесі;
психологиялық оқыту жүйесі;
әдістемелік оқыту жүйесі;
студенттердің дүниеге танымдық көзқарасы туралы білімі мен біліктерін қалыптастыру;
студенттердің жалпы педагогикалық білімі мен зерттеу біліктерін қалыптастыру;
студенттердің жалпы психологиялық білімі мен танымдық біліктерін қалыптастыру;
Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіби кеңес беру, кәсіпті іріктеу, кәсіпке бейімдеу кіреді. Кәсіптік диагностика кәсіптік бағлдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың қабілетін, ынтасын және дайындығын анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып журналы)шығармашылық жұмыстарын талдау, практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, жанұяда, еңбекте) зерттеу; әңгіме- интервью; педагогикалық эксперимент тесттік жүйелер; жинақтау әдісі.Кәсіби кеңес беру мақсаттары: таңдаған мамандыққа, болашақ маманның денсаулығының сәйкестігін анықтау; болашақ маманның таңдаған мамандықты игерудегі психофизологиялық дайындығын білу; еңбекке орналасуы жөнінде ақпарат алу;
Кәсіптік білім беру-бұл кәсіптік өзі тағдырын өзі шешуде студеттердің бойындағы жеке қасиеттерін, қабілеттін, мүмкіншілігін дамыту.Осы орайдан қарастырғанда студенттердің ынтасының, бейімділігінің, жалпы және динамикасына көңіл аударылуы қажет.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып болашақ маман тұлғасын дайындаудың маңызды да өзекті мәселе екені анық. Осы себептен болашақ маман даярлау ісіне мұқияттылық пен терең білімділікті талап етеді. Дұрыс таңдалған мамандық - жарқын болашағымыздың кепілі.