ӘОЖ
543.00
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ӨТЕТІН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Б.С. Тантыбаева. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Өскемен қаласы
Университеттегі оқу жоспарлары студенттің өзіндік жұмысының негізгі екі түрін қарастырады. Олар оқытушы басшылығымен аудиторияда өтетін және аудиториядан тыс өтетін студенттердің өзіндік жұмысы. Аталған жұмыстардың арасындағы тығыз байланыс оның саралануын көрсетеді және оның орындалу тиімділігі ұйымдастырылуына, мазмұнына, оқу процесінің логикасына тәуелді. (пән аралық байланыс, білімнің болашағы т.б.).
Оқытушы қатысынсыз жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлеріне жататындар:
Оқытушы ұсынған әдебиеттер мен ақпараттық білім беру ресурстарын (электронды оқулықтар, электронды кітапханалар, слайд дәрістер т.б.) қолдану негізінде дәріс конспектісінің мазмұнын меңгеру;
рефераттар жазу;
зертханалық жұмыс пен семинарларға әзірлік, оларды көркемдеп жазу;
ғылым салаларына сәйкес журналдардан мақалалардың аннотацияланған тізімін құрау;
мақала немесе оқу құралына сын пікір әзірлеу;
кіші зерттеу жұмысын орындау;
сарамандық нұсқаулар әзірлеу;
жеке есептер түріндегі үй тасырмаларын орындау, типтік есептеу жұмыстарын, компьютермен есептеу жұмыстарын, пәннің белгілі тараулары бойынша жеке жұмыстарды орындау;
ағымдағы компьютерлі өзіндік бақылау мен электронды үйретуші және аттетациялаушы тестер көмегімен үлгірімді бақылау.
(Факультет ерекшелігіне байланысты аталған жұмыс түрлері кеңейтілуі немесе арнайы жұмыс түрлеріне ауыстырылуы мүмкін).
Оқытушы қатысында жүргізілетін СӨЖ. Оқытушы қатысында жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстарына жататындар:
ағымдағы кеңестер;
пәннің теориялық мазмұнын меңгеруді бақылау формасы ретінде қолдану;
коллоквиумды оқу жоспары бойынша белгіленген кеңестер кезінде қолдану;
сарамандық сабақтар кезінде үй тапсырмаларын тексеру және талдау;
зертханалық жұмыс уақытында зертханалық жұмыстарды қабылдау, қорғау;
оқу жоспарында белгіленген курстық жұмыстар мен курстық жобаларды орындату, жетекшілік ету, кеңес беру, қорғату;
оқу зерттеу жұмыстарын орындау (жетекшілік, кеңес беру, зерттеу жұмысын қорғау);
іс-тәжрибе өту оның нәтижелерін көркемдеу (жетекшілік, кәсіби біліктіліктің, іскерліктің қалыптасу деңгейін бағалау);
біліктілік бітіру жұмысын орындау (жетекшілік, кеңес беру және бітіру жұмысын қорғау
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау пәннің бекітілген жұмыс жоспары негізінде орындалады. Пән бойынша СӨЖ-ді жоспарлау нәтижесі белгіленген формадағы нормативті құжат түрінде пәннің жұмыс бағдарламасының қосымшасы ретінде беріледі. Оқытушы басшылығымен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы сабақ кестесінде белгіленеді.Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысын тек ұйымдастыру ғана емеес оны меңгеру де маңызды болып табылады. Студенттердің өзіндік жұмысын меңгеруді ұйымдастыру жағдайына келетін болсақ оны төмендегідей етіп жіктейміз: басшылық жасау жолымен меңгеру және әдістемелік жолмен меңгеру болып жіктеледі. Басшылық жасау жолымен меңгеру деканат және кафедра деңгейінде өтеді. Деканат деңгейінде іске асуы жалпы басшылық пен бақылау жасауға келіп тіреледі. Оқытуды ұйымдастыру, оны әдістемелік және материальды –техникалық қамту, студенттердің өзіндік жұмысына стимул жасау, жоспарлау және тікелей бақылау сияқты жұмыстар кафедра деңгейінде басшылық жасауды көрсетеді.
Әдістемелік меңгеру:
1) Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі, кафедраның әдістемелік комиссиясы деңгейінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік негізін құру және жұмыс қалпын бақылау.
2) Белгілі бір пәннің берілу деңгейінде студенттердің өзіндік жұмысының жоспарлауын, жетекшілік жасалуын және орындалуын бақылауды іске асыру.
Оқытушының қатысуымен іске асырылатын студенттердің өзіндік жұмысының түрлері, көлемі, формасы мен мерізімі және оны өткізу жағдайы мен СӨЖ кестесі студенттер мен оқытушыларға оқу жылының басында хабарланады. Студенттердің өзіндік жұмысының орындалуын бақылау кафедра меңгерушісінің жауапкершілігіне жүктеледі.
Студенттердің өзіндік жұмысын әдістемелік қамту мен меңгеруді іске асыру үшін кафедра пәннің бағдарламасы негізінде аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстардың мазмұнын айқын ашып көрсететін, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылған болуы шарт. Осы мақсатпен кафедра мүшелері оқылатын пәндер бойынша оқу құралдары мен өз бетімен әзірленуге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындайды. Олардың қатарына семинар, зертханалық, сарамандық сабақтардың мамандық ерекшелігін, студенттер контингентін, өзіндік жұмыс көлемі мен мазмұнын, бақылау формасын ескере отырып құрған әдістемелік нұсқауларды жатқызуымызға болады.
Жоғарғы оқу орнында өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыру оқытушы-профессорлар жағынан кеңессіз жүзеге асырылмайтыны белгілі. Студенттердің өзіндік жұмысы оқу жұмысының құрамдас бөлігі бола тұрып, алған білім, білік, икемділік дағдыларын бекітіп, тереңдету мақсатында және жаңа білім негізін алуға, оқу тапсырмаларын орындауға, сынақтар мен емтихандарға әзірленуге бағытталады. Студенттердің оқытушы басшылығымен өтетін өзіндік жұмысын мамандарды әзірлеуші кафедра ұйымдастырып, бақылайды.
Атақты ғалым академик А.Н.Крыловтың айтуынша жоғарғы оқу орнының негізгі міндеті – «оқи білуге үйрету», ешқандай оқу орны өз ісін толық меңгерген маманды әзірелеп шығармайды, нағыз кәсіби маман тек өзінің дербес әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Міне осындай «оқи білуге үйрену» дағдысы тек өзіндік сабақтар негізінде тиімді жүзеге асырылады. Ал оқытушы басшылығымен өткізілген студенттердің өзіндік жұмысы олардың теориялық материалды қабылдау сапасын жоғарлатып, кәсіби біліктіліктерінің артуына жағдай туғызып, белгілі сарамандық дағдыларды студенттердің қабылдауына оқытушы қатысынсыз жүргізілген өзіндік жұмысқа қарағанда көбірек мүмкіндік береді.
Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстары оқу сабақтарының бір түрі болып табылады. Ондай өзіндік сабақтар пән бойынша берілген әдебиеттермен жұмыс істеу икемділігін дамытуда, теориялық сұрақтар мен оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды қарастыруда, курстық жұмыстар мен жобаларды, орындауда, рефераттарды жазуда, жеке есептеу-графикалық жұмыстарды орындауда, техниканы үйренуде, оқу-жаттығу кешендерінде сарамандық тәжрибе қалыптастыруда тиімді болып есептеледі.
Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстары басқа сабақтармен логикалық байланыста болуы қажет.
Өзіндік жұмыс кезінде орындалуға тиісті тапсырмалар бағдарламаны құру барысында белгіленеді. Оқытушы басшылығымен орындалатын өзіндік жұмысқа арналған материалдар келесідей талаптарды қанағаттандыру керектігін жоғарғы білім берудің іс тәжрибесі көрсетіп отыр:
-оқулықта толық түрде мысалдар келтіріле отырып берілуі тиіс; әдебиеттер мен әдістемелік құралдар, оқу құралдары жеткілікті мөлшерде болуы керек;
- дәріс сабақ кезінде алынған білім негізін дамытатындай мәліметтердің болуы;
- мүмкіндігіне қарай жаңа ұғымдар енгізбей бұрынғы түсініктер мен анықтамаларды нақтылауға көңіл аудару;
- әлі толық шешілмеген проблемалық мәселелерді қарастыру;
- терең де тиянақты, ойланып жұмыс жұмыс істеуді талап ету.
Әрбір оқытушы қатысында өткізілетін өзіндік жұмыс сабағының жоспары барынша ұтымды жоспарланып, кафедра отырысында талданып, пәнді оқудың тақырыптық жоспарына енгізілуі керек.
Өзіндік сабақтың бір сағатына мөлшерленген оқу материалының бастапқы көлемі бір сағат дәріс сабаққа осы тақырып бойынша белгіленген немесе сарамандақ сабаққа белгіленген көлемнен артпауы тиіс. Ұзақтығы бойынша оқытушы басшылығымен өтетін өзіндік жұмыс 2-4 сағатқа созылады. Өзіндік сабақтың екі сағатына берілетін мәтіннің мөлшері 20 беттен аспауы керек.
Кредиттік жүйе бойынша оқыту кезінде білімді бақылау ұпайлы-рейтингті жүйе бойынша іске асырылады. Ал өзіндік жұмыс сапасын бақылауды кафедра жүзеге асырады. Кафедра СОӨЖ есебін беру формасын, мазмұнын белгілеп, өзіндік жұмыстың орындалу ретін, орындалу уақытын анықтайды, оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмыс нәтижесі туралы есептерін қарастырады. Өзіндік жұмысты бақылау ауызша және жазбаша түрде болуы мүмкін.
Жазбаша формада өзіндік жұмыс нәтижесі, тестілеу, конспект, реферат, баяндама, шығармашылық, бақылау, курстық, диплом жұмыстары, ғылыми мақала, шығарма, аудио, видеоесеп түрінде болады.
Өзіндік жұмыс нәтижесін ауызша бақылау коллоквиум, конференция, іскер ойын, шығарма, мәлімдеме, жеке әңгіме және т.б. түрде болады.
Қолданылған әдебиеттер:
Маканов У.М. Сорокин В.В. Самостоятельная работа студентов по общей химии в вузе.
М.Я. Виленский, П.И.Образцов, А.И.Уман. Технология профессионально-орентированного обучения в высшей школе. Москва: Педагогическое общество России, Москва, 2005.
С.Б. Абдыгапарова, Г.К.Ахметова, С.Р.Ибатуллин, А.А. Кусаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Омирбаев. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы: «Қазақ университеті», 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |