Жоғары мектептің орта мектептен принципті ерекшеліктерінің бірі болып студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатындығы табылады.
СҒЗЖ формалары алуан түрлі және сәйкес кафедрамен анықталады.
ғылымилығы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ)
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) жалпы білім беру үрдісінің және барлық оқытылатын пәндер мен оқу сабақ түрлерінің мазмұндық қосындысының бір бөлігі болып табылады.
СҒЗЖ мақсаты: студенттердің тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жасау, оқыту принциптері, ғылыми зерттеулер, халықаралық практикаға сәйкес ғылыми-зерттеу принциптерін оқыту
Міндеттері:
1) ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға студенттерді баулу;
2) шығармашылық кәсіби ойлау арқылы ғылыми таным әдістерін меңгеру және зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) білім беру бірлігін қамтамасыз ету, ғылыми және инновациялық үрдістердің шығармашылық қабілеттілігін дамыту, студенттердің кәсіби-шығармашылық дайындығын жақсарту, ғылыми зерттеу жұмыстарына студент-жастарды жетілдіру нысандарына тарту;
4) студент тұлғасының жан-жақты дамуына көмектесу, өзін-өзі бағалаудың объективті бағалауға, шығармашылық коллективте жұмыс дағдыларын игеруге, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметке тартуға баулу;
5) заманауи ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге және өз мүмкіндіктерін іске асыруға бағыт беру.