Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. СОЗЖ –ның түрлері
2. СҒЗЖ –ның формалары
3. СОЗЖ мен СҒЗЖ-ның айырмашылықтары
Қорытынды.
Қазіргі жағдайларда студенттер екі типті зерттеу жұмыстарына қатысады: оқу және ғылыми. Олардың арасында сәйкестіктер және айырмашылықтар бар. Сипаты бойынша зерттеудің екі типінің де ғылыми болып табылатындығы екеуіне ортақ белгі.
Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ)
Алайда олар жоғары оқу орнының өмір сүру әрекетінде әртүрлі рөл атқарады, ұйымдастыру әдістерімен ерекшеленеді. Оқу және ғылыми жұмыстардың маңыздылығы өткізілген зерттеудің, теориялық материал және практикалық қорытындылардың тереңдігімен анықталады. Кредиттік технология бойынша студенттердің оқу-зерттеу жұмысына аса мән беріледі.
Жоғары оқу орнының оқу жоспарымен қарастырылған, басым көпшілігі жоғары курстарда жүзеге асады, міндетті сипатқа ие, бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары оқу орындарында СОЗЖдың келесі формалары қабылданған: