Ең кең тараған және тұрақты формасы болып белгілі бір пән бойынша ғылыми үйірме табылады. Үйірмелер кафедра шешімімен құрылады, оларды доценттер немесе профессорлар басқарады. Үйірмеге әртүрлі курс студенттері қатыса алады. Біреулері шығармашылық педагогикалық эссе, басқалары ғылыми реферат жазады, үшіншілері тәжірибелік жұмыс өткізсе, төртіншілері ғылыми зерттеу нәтижелері туралы баяндамалар дайындайды. Біртіндеп студенттер ғылыми ізденістің әртүрлі қырын игереді.
Біртіндеп студенттер ғылыми ізденістің әртүрлі қырын игереді. Ғылыми зерттеулер студенттердің аналитикалық ойлау қабілетінің дамуына әрекет етеді. СОЗЖ және СҒЗЖ болашақ оқытушының, кез келген маманның шығармашылық тұлғасының қалыптасуында кең мүмкіндіктерге ие. СҒЗЖ-ның әртүрлі формаларына үнемі қатысып тұратын студенттер магистрлер және аспиранттар болып ғылыми зерттеулерді жалғастырады.