Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені


Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны



бет19/42
Дата22.12.2021
өлшемі1,45 Mb.
#377
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

1.Абайдың балаларға лайықты өледері

2.Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

3.Абайдың балаларға лайықты өледері

ХІХ ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады.

Абай бұрынғы Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы – Өскембай, арғы атасы – Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай – осы Жігітектің баласы. Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды.

Абай Құнанбайдың 41 жасында туған. Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен әйелі – қыздай алған Күңке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі – Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң, Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан; үшінші әйелі – Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. «Атадан алтау, анадан төртеу» дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі – Нұрғаным. Бұдан бала болмаған. [1; 30-35 бет]

Ұлжан мен Айғыз бір ауылда болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта екі шешесінің ортасындағы төл баласы Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешесінің ортасында, жалғыз баланың халінде өткізген. Екі шешеге бірдей бала боп жүргендіктен, сол кездегі үлкендері Абайға «Телғара» деп ат қойыпты. Кейін Аабй жеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеде қойылған атпен оны «Телғара» дейді екен.

Абай он жасқа келгенде әжесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы Ғабүлжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттердің жанында медреселер ұстаған. Оқушы шәкіртінің көбі медреседе жатып оқиды. Оқу әрине ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның көбін араб, фарсы тілдерінде оқиды. Жалпы медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа қарағанда түркіше оқу, жолшыбай ғана оқылатын қосымша оқу болады.

Ұстаз халфелердің бар бейіл бергені – дін діңгегі сияқты болған арабша, одан қала берді фарсыша.

Балалық шағындағы өлең жазамын деген талабын:

Фаули, Шамси, Сәйхали,

Навои, Савди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз – бу һәммәси,

Медет бер я шағири фәрияд! –

деп өзі қадірлеген ескі ақындарының аруағын шақырады.

Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта Абай жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай, Семей қаласындағы «Приходская школаға» түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ мұндағы оқу ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Мұсылманша оқуы да доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл, сезімі ашыла бастаған өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке аз да болса, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады.

Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі өлеңнен басталады. Біріншісі – «Иузи – рәушан», екіншісі – «Фзули, Шәмси» бұлардан соң 1864 жылы жазылған «Әліфби» өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары осы.

Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі – осы реалистік эстетика алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков-Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды. [2; 158-160 б.]

Абай поэзиясының қоғамды өзгертуші қызметін алға қояды. Өлеңнің түрі мен ішкі мазмұн бірлігіне де айрықша мән береді.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы, -

деген жерде соны аңғарсақ керек. Түр мен мазмұн байлығы Абайда орасан биік, классикалық дәрежеге жеткен.

Ат суреті мен қыздың кескінін суреттеу реализмнің бастаьмасы болды. Ақынның тілі мен теңеулері халық үлгісінде жасалуымен бірге заттың, адамның портретін өмірдегідей жанды көрсетеді. Абай Пушкин поэзиясынырң үлгісімен («Жаз», «Қыс») табиғат суретін де жырлайды. Мұнда да айналадағы табиғаттың жандыю суреті реалистік арнада суреттеледі. Сонымен бірге әлеуметтік өмірдің ішкі қайшылығы да жақсы айтылған. Ақынның әлеумет қайшылығын суреттеген бір өлеңі – «Қараша жел». Мұнда ол бай баласы мен кедей баласы тұсында тап қайшылығын жақсы көрсете білген.

Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ.

Екеуін аңдастырған құдайым – ай, -

деген жерде Абай екі таптың арасындағы қайшылықты айтып отыр. 1888 жылы жазған «Қыс» өлеңінде Абай бұл қайшылықты әлі толық тани қойған жоқ еді. «Күз» деген өлеңінде табиғат суретіндегі жыртық үй, жыртық киім, жыртық үйін жамаған кедейдің күзді күнгі көңілсіз күйін көрсетеді.

1890 жылдар ішінде тап қайшылығы артып, Аабйдың бұқарашылдығы арат түсіп, заман болмысына наразылығы да күшейеді. Ол өзі шыққан таптың тар аясына сыймай, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, ескіні де, жаңаны да бірдей аяусыз сынайды. Партиягершілік, екіжүзділік, зорлықшылық, мансапқорлық, өзімшілдік, топастық секілді ұсақ мінездерді дәл тауып, қатты сынайды.



Қазақ әдебиетінде ел талаушы болыс бейнесін жасау осы Абайдан басталады. «Мәз болады болысың» деген өлеңінде ақын патшаға сатылған жуанның топас, халыққа жау кескінін шенеп көрсетеді. «Болыс болдым, мінекей» деген келесі өлеңінде болыстын, екіжүзділігі, халыққа көрсететін қиянаты әшкереленеді. Сол арқылы Абай патша ұлықтарын сынға алады.

Ақынның болысқа байланысты әшкерелейтін кейіпкерлерінің бірі — пысық пен шабарман. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңінде ол пысық мінезін былайша суреттейді:

Еңбегі жоқ, еркесіп,

Бір шолақпен серкесіп,

Пысық деген ат шықты.

Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып,

Жүз құбылған салт шықты.

Пысық кім деп сұрасаң —



Қалаға шапса дем алмай,

Өтірік арыз көп берсе,

Көргендерден ұялмай.

Сыбырдан басқа сыры жоқ,

Шаруаға қыры жоқ

Өтірік, өсек, мақтанға

Ағып тұрса бейне су.

Ат-шапаннан кем көрмес,

Біреу атын қойса «қу».

Абай сатирасының бір күрделі саласы оның 1898 жылы Крыловтан аударған мысалдарына байланысты. Бұл мысалдарды Абай сатриаға әбден ден қойып, сол жанрға қуат беру мақсатында аударған.

Абай Крыловтың ғибрат рухындағы мысалдарын, емес, сатиралық өлеңдерін алады (мысалы, «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Ала қойлар»). Сол арқылы ХІХ ғасырдың аяғында капитализм туғызған әлеуметтік жағдайды сын семсеріне алады.

Қазақ поэзиясында өміршіл, дауылпаз романтизмнің өкілі — Абай болды. Оның романтизмі 1890 жылдан бастап күш алады. «Жалау», «Жартас», «Асаутой, тентек жиын, опыр-топыр», «Дұға», «Тұтқындағы батыр», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Теректің сыйы», «Күлімсіреп аспан тұр», «Махаббат, достық қылуға», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Көңілдің күйі тағы да» сияқты өлеңдері, махаббат жайындағы жырлары, философиялық мазмұндағы басқа да өлеңдері романтизм рухында жазылған.

Олар Абай лирикасының ең көркемдері. «Адамның кейбір кездері», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Көкала бұлт сөгіліп» , деген өлеңдері дүниеге наразы болып бұлқынған, тулаған ақынның жан дүниесін ұлғайтып көрсетеді.

Өзтеге көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?



Оны айтқанда толғанып

Іштегі дертті жоярсың,—

деген жерде ақынның сырласатыны өлең:

Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?


Босқа әуре қылмай, шынынды айт.
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт,—

деген тұста ақын өз жүрегімен сырласады.

Абайдың лирикасы көп болса да, сюжетті дастандары аз. Лермонтовтың «Демон», «Вадим» сияқты поэмаларынан үзінділер аударған. «Мың бір түн», «Әзім», шығыс сюжеттерінен «Масғұт», «Ескендірді» жырлайды. Бұл поэмаларда Абайдың халықтық идеясы нығая түскен.

1885 жылы туған «Жасымда ғыылм бар деп» дейтін өлең Абайдың сол 1880 жылдардың бас кездерінде, ақындық еңбек жолында әр алуан түрде ізденіп жүргенін көрсетеді. Ізденуші Абай, ең алдымен, өзін жаңа үлгідегі ақын етуге жәрдемші болатын ғылымның жайын сөз етеді. Жасында оқыған оқуын, анық ғылым екен деп танымайды. Ендігі Абайдың арман етіп, «махрұм» қалдым деп көкірегін қарс айырғандай арман ететін мекені мәлім.

1886 жылдың тағы бір өлеңі – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртымда» ақын өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын айта кеп дерттенеді. Жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны «қалың елі қазағы». Оны «қайран жұртым»деп, бар жанымен ынтыға сүйеді.

Алғашы көп тақырыпты, мол өлеңдер жазған жылдың ішінде Абайдың бір топ өлеңі жастарға арналған. «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге» деген шығармалардың бәрі де – өсиетші, сыншы ұстаз ақынның жас буынға арнап айтқан сөздері. Солардың ішінде, әсіресе Абай шығармасына үлкен жаңалық қосатын өлең – «Интернатта оқып жүр».

Бұл өлеңде сыншылдық та көп, қоғам үшін қамқорлық озғын ой да мол. Жаңа буынға басшы болған ақын патшалық системасына да терең сын айтады.
Дәріс бойынша сұрақтар:

1. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

2. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері.

3. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

5 дәріс.

Тақырыбы: Абайдың қарасөздеріндегі тәрбиелік мәселелер


Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары – «қара сөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма.

Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе, Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі [1].

Кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым, оңай, жеңіл ұғымдармен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын, аярлық, жалғаншылық, бәле құмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделікті болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуа халдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды.

Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда, Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт - өсиет асырады.

Жиыны барлық қара сөз, біздің аңғаруымызша он – он бір тақырыпқа бөлінеді. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді.

Енді бір бөлек тақырып болып, жетінші қара сөз оқшаулау тұрады. Ол – жас баланың психологиясын еске алып талданған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді.

Өзге қара сөздерден және де өз тақырыбынан оқшаулау тұратын он бірінші сөз – ұрпақ турасынан басталып, ұлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Халықтың, көпшіліктің өкілі боп отырған азамат жазушы жаңағыдай ұлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөздерін сөйлейді.

Бұл тексерілгендерден бөлек қара сөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып – дін мен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Олар: он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші сөздерде.

Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман жайын сөз етеді (он екінші, он үшінші сөздер). Бірақ сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі – адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратылыс сырымен қоса бағалап, түсінсін деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді. Осы ойына тіреп, дерек етіп (жиырма жетінші сөзінде) әдейі ұстаздық, тәрбиешілік ниетпен Сократ сөзін береді.

Өлең шығармаларында адамгершілік, тәрбиелік терең ойларды қозғағанда айтатын қорытынды түйіндерін осы арада тағы келіп табады. Сөйтіп, анық айқын діншілдік үгіт сияқтанып басталған сөз ақынның өз ұғымындағы үлкен моральдық философияның тәрбиелік талаптарына келіп қосылады.

Ақынның өсиеттері мен қара сөзде көрінген ұстаздық мақсаттар екеуі де осындай тұстарда табысып кеп, үнемі бір сағаға қосыла құйылып жатады.

Осылайша топталып, тексерілген қара сөздердің тақырып бойынша құралатын ендігі бір мол түрі тағы бір топ сөздерде көрінеді. Олар: он бесінші, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз екінші, отыз төртінші және қырық төртінші сөздер. Бұнда әр алуан түрде қайталап келіп отыратын бір тектес тақырыптар бар.

Сол ортақ тақырыптар адамның адамдық қасиеттерін тереді. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады.

Он сегізінші сөзінде және де қысқа қайырып, адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар мінез деген ой түйеді.

Жиырма бесінші сөзінде қазақ халқынан қадірлі азамат, қауымға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. Бірақ осы сөзінің ішінде және осыдан бұрын жазылған жиырма екінші сөзінде Абай бірнеше қайшылық пікірлер айтады. Орысша оқып жүрген жастардың ішінде жақсы атаның баласы аз оқыды деп, екіұдай ұғым қалдырады. «Жақсы ата» деп Абай тұсындағы жалпы ұғымды алсақ, - жуан атаны да ұғынуға болад. Немесе Абайдың өзіндік сыны бойынша – үлгі берер, жеке жақсы атаны айтты деуге де болады [2].

Қорыта келгенде, Абайдың қара сөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделікті сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қара сөздердің бағасы – Абай заманындағы жағдайды, тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделікті өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары – бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтан мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда, қара сөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек.

Екінші – Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет