Бірінші –Голощекин, Құрамысов және сондай басшы қызметкерлердің Қазақстанда Октябрь революциясы болған жоқ, кішкене октябрьді енді жасаймыз деп жүрген теориясымақтарына үлкен соққы болып тиді.
Екінші – қазақта таптық күрес болмады, сондықтан қазақ халқы Октябрь революциясы кезінде саясат майданындағы күреске араласқан жоқ. Революцияға бейтарап болды деген буржуазияшыл ұлтшылдардың теориясын талқандады.
Үшінші –қазақ халқы, оның арасынан шыққан революцияшыл интеллигенцияорыс большевиктерінің басшылық көмегімен Октябрь революциясы үшін күрес тарихын кеңінен суреттеп көрсетті.