Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет33/42
Дата22.12.2021
өлшемі1,45 Mb.
#377
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Төртінші – революция дәірінде халық мақсатына опасыздық жасап, Россиядағы контрреволюцияшыл күштермен ауыз жаласқан алашордашылардың сырларын жан-жақты батыл әшкереледі. Алашорда тарихы туралы қазақ тіліндегі толық мәлімет осы кітапта берілген еді.

Бесінші – Қазақстанда Октябрь революциясының жеңісін, сол жолда күрескен большевик ерлердің жағымды образын суреттеген тұңғыш прозалық шығарма еді. Демек « Тар жол, тайғақ кешу » қазақ әдебиетінде революциялық тақырыптағы прозаны, соның ішінде роман жанрын дамыту мәселесін шешуге тұңғыш жол салып еді.

Сәкеннің өрлеу дәуіріндегі шоқтығы биік ірішығармасының бірі – « Көкшетау » поэмасы. « Көкшетау » Сәкеннің көп жыл зерттеп, көп жыл бойы құмартып, қызыға жырлаған тақырыбының бірі. 1921 жылы « Көкшетауда » өзінің « Аққу құс » атты шағын лирикасын жазған. Онан кейінгі 1923, 1924, 1926, 1927 жылдары ұдайы Көкшетаудың елін, жерін аралап, дарқан шешен, сері ақын әншілерінің өмірлерін зерттеп, Арқадағы ең сұлу жер – Бурабайда мезгіл-мезгіл тынығып жатып, Көкшетау, Бурабайға байланысты аңыз-әңгімелерді жинап, « Көкшетау » туралы поэмасын жазуға кіріседі. Поэманың ең алғашқы « Оқ жетпес », « Ақ бура » сияқты тараулары 1925-1926 жылдары « Жаңа мектеп » журналында жарияланады.

« Көкшетау » және « Жан – Зол – лин », « Аққудың айрылуы » сияқты поэмалар қазақ әдебиетінде әр алуан ақындық шеберлікпен сюжетті поэма жазу мәселесін шешуге тың жол салды. Сонымен бірге « Көкшетау » қазақ совет әдебиетіндегі кесек туынды екендігін әдебиет жұртшылығыайрықша атап көрсетті. ( 1. 200-205 бб )

« Бақыт жолында » пьесасының сюжеттік желісі 1916 жылғы оқиғаны қалың қауымға бар шынайы қалпында көрсетуді мақсат тұтқан. Әлеуметтік мәселені өзек етіп, әр кейіпкерін даралап көрсетуге ықшамды, драмалық тартысты өрістетуге мүмкіндік беретін оқиғаны көрсету арқылы Сәкен драмматургия жанрының ішкі талаптарын орындауға творчестволық күш-қуаты мол екендігін танытты. Сөйтіп қазақ драмматургиясының негізіне өзінің алғашқы кірпішін қалады.

« Бақыт жолына » пьесасы арқылы Сәкен Октябрь революциясы қарсаңындағы қазақ жастарының азаттық, теңдік, бостандық жолындағы ой-тілегін сахна төріне шығарса, 1920 жылы жазған « Қызыл сұңқарлар » атты революцияшыл драмасымен қазақ совет драмматургиясының негізін одан әрі нығайта түсті.

Сәкен көптеген әңгіме, очерктерімен қатар бес повесть « Жер қазғандар » ( 1927 ), « Айша » ( 1922-1935 ), « Біздің тұрмыс » ( 1932 -1934 ), « Сол жылдарда » ( 1922 ), « Жемістер » ( 1935 ) жазды.

Сәкенің прозаик ретінде таныта алатын және туу, өсіп-өркендеу дәуірін басынан атқарып келе жатқан қазақ совет прозасына оның қаншалықты үлес қосқандығы айқындап беретін, ешкімнен жеңілдік жасауды тілемейтін, өз тағдыры үшін өзі күресе алатын айбынды шығармалары бірқыдыру.

«Тар жол,тайғақ кешу» , «Бандыны қуған Хамит», тіпті «Жемістер» атты повесть Совет өкіметін орнату жолындағы қанды күрестердің сұсты суреттерін көрсетіп,жаңды тұлға дәрежесіне көтерілген Хамит ,Нияз,Ғаниллардың көркем бейнесі қазақ совет әдебиеті образдар галереясында жарқырап тұр.

Сәкеннің қара сөзге қаламының ыңғайлы болғандығына «Омар», «Сырын білмей-сырына сенбе» , «Екі кездесу»тағы басқа әңгімелерінбылай қоғанда ,Ш.Айманов атындағы «Қазақфильмнің» толық қанды шығармасы –«Даладағы қуғын» фильмі Сәкеннің «Бандыны қуған Хамит» атты әңгімесі негізінде жасалғаны айрықша дәлел.Әңгіме сюжетіндегі қоюлық ,оқиға динамикасы ,өмір көріністерін шынайы қалпында өрісіті суретшілік сүйсінтеді.Кудря сияқты бандамен айдалада кездесіп ата жауымен арпалысу ,жігер,қайрат көрсету Хамиттай жаңа адамның бейнесі үшін аз олжа емес еді. «Қызыл сұңқарлардағы» революционер бейнесін Сәкен енді күнделікті өмір көрінісімен ,яғни бандалармен күрескен милиция қызметкерлерінің драмаға толы тірлігімен оқушыға жеткізіп ,революция идеясына шын берілген қаһарман психологиясын ашып көрсетуінде үлкен көркемдік қуат барын аңғарамыз.

Әрине , Сәкен қолынана шыққан дүниелердің әрқайсысына тоқтап жатуға мүмкіндік жоқ екенін ескере отырып ,тек кезеңдік мәні бар кесек шығармаларына көңіл бөлейік.Халықтық шығармаға айналған «Тар жол,тайғақ кешу» туралы жоғарыда әңгімелегендіктен «Жер қазғандар» мен «Айшаға» аялдау қажет.

Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында дүниеге келген «Жер қазғандар» (1928) повесінің де өзіндік мәні зор.Рас,бұл шығарманың кейбір көркемдік кемшіліктері жоқ емес.Бірақ мынадай ьбір өзекті мәселеге тоқталмасқа болмайды.Жұртқа аян,Сәкен коммунистік партияның советтік өмірді құру майданындағы жауынгер солдаты ,сонымен қатар қазақ совет әдебиетінің ең табанды ,ең өнімді қаламгері болды.

Совет елінде социолизм орнатуға болмайды деген троцкийлік теориясымақтан әр алғандар советтік мәдениет ,оның ішінде пролетарлық әдебиет тумайды,жасалмайды деген көзқарасты уағыздада.Ал біздің мәдениеті төмен ,пролетариаты аз қазақ елінде фабрика-завод жұмысшыларының өмірін суреттейтін шығарма керек емес,тіпті пролетариат бағытындағы әдебиетті жасауға болмайды деп даурыққандар аз болмады.Осы зиянды пікірді көркем сөз арқылы талқандауға кіріскендердің алдыңғы легінде Сәкен болып ,жұмысшылар өмірін әдебиеттің кестелі өрнегіне түсіру мақсатымен 1928 жылы «Жер қазғандарды»жазды.Сондықтан да автор бұл повестің кейіпкерлерін ерте уақыттан – ақ өндірісте істеп ,шахтаға түсіріп ,лирикалық шегіністердің де қисынын тауып ,шеберлік көрсетті.Жұмысшылар өмірінен жазылған шығармаларды еңбекші бұқара жатсынбай қабылдай алатындығын ,ол жайында еткен еңбектің еш болмайтындығын дәлелдеді.Сөйтіп теріс пікірге соққы бердіде өзінің қаламдастарына қара шаруа,батырақ тіршілігімен қатар суреттелуге ,насихатталуға тиістіә жұмысшылар өмірі барлығын ,өнеркәсіп саласына ақындық назар аудару қажеттігін көрсетті.

Троцкистердің зиянды теориясымен қатар, «Қазақта жұмысшы тобы болған жоқ» деген ұлтшылдардың көзқарасын әшкерелеу үшін жазылған «Жер қазғандар» повесіне Ақмола –Петропавл темір жолын салу кезіндегі құрылысшылардың өмірі арқау болды.

Ал енді оның мынау өзара жымдасқан ,қиюы,тетігі бір ,циклді прозасынан бір жосын әңгімесі – «Бандыны қуған Хамит» .

Сәкен детектив сынды дербес жанрдың тірі қозғалысын толық игергені айқын-ақ.Шынтуайтында «Бандыны қуған Хамит» 1927 жылғы проза түгілі,қазіргі проза үшін де нағыз олжа.Мұхтар Әуезовтың «Барымта», «Бүркітші» атты класикалық әңгімелеріндегі динамика ,дәуір мен адамның қабысқан деректі образындағыдай шеберлік мұнда бар.Хамиттің портретін Сәкен оның прототипінен айнытпай алғаны белгілі,бұл жігіт ақынның өзіне жиен болып келеді екен.Хамит ең әуелі әйгілі балуанның жерлесі болып шықты: «Ол Омбыда циркте өзінің жерлесі балуан Қажыұмқанның күресін көріп ,Мұқанмен жақындасқан еді».Жақсыдан-шарапат дейді,яғни әңгімедегі жас қазақ жігітінің идеалы күш атасы атанған Қажымұқан болғаны тағы тегін кетпейді.Онысы Хамитті алпысқа келгенде тым күшті жауының қанды шеңгелінен ,тікелей төнген ажал аранынан аман сақтап қалады.

Хамитті жазушы « бет-аузы бүркіттің бетіндей » дейді. Сәкенде ащы сатира мен юмордың аражігі білінбей қалатын тұсы бар. Ол ояздың атқару комитетінің нұсқаушысы Сәрсенбаевтың банды Кудрядан қатты қорыққан мезетін жеткізу.

Тегінде банды Кудряны да автор жек көрмейтін сияқты. Реализмнің құдірет-күшіне бағынып жазушы жағымсыз кейіпкерін әділетті бейнелейді. Кудря – қазаққа өте ұқсас орыс, бәлкім, Сәкеннің айтпағы да оның түбі қазақ екенін мегзеу болар. Кудря банды мен Хамиттің текетірес жекпе-жегін жазушы мейлінше кеңінен толғап, эпостық шабытпен тереңдеп, жеріне жеткізе асқан шеберлікпен суреттейді. Бір-біріне жолбарыстай атылып, көкжалдай таласып, қос мықтының бірін-бірі ала алмай, нағыз жыртқыштарша арпалысуын Сәкен ұзағынан толғайды. Ақыры Хамит банды Кудряны қашырды. Әңгіменің аяқталуы да тосын : тағы да қазақтың дүние жүзіне атағы шыққан балуанының культі мәртебеге ие болады. Сәкен әлемдегі кілең мықты балуандарды бас-басына атай келе : « Бәрін де Қажымұқан жығып жүрді-ау, - деді ішінен Хамит » .

Сөйтіп, әңгімеде жүрек жұтқан батырлық, ерлік һәм күш атасы Қажымұқанның образын асқақтату идеялары айқын. 1927 жылғы оқиғаны жазушы зор метафораға ұластырады. Бұл кез азамат соғысының қанды кезеңі.

Еркектің көбі қайтқан жоқ,

Жолдан кешу, жорықтан,- деп Сәкеннің өзі жырлаған бұлғақ заман болатын.

Оның « Омар » атты төрт параққа сиған әңгімесінде де реалистік прозаның ашық үлгісі жатыр. Кейіпкері Омар XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының өзгере бастауының нышанын айғақтайды. Қазаққа жат, жаңа типтердің, заманын тазы болып шалуға даяр пысықай қулардың пайда болуының көрінісі. Көшпенділерге тән емес отырықшылық тіршілікке бейімделген, жаңа дүниеге әккіленген, епті Омар, ептілігі сол, өз қазағын, ағайыныналдап күн көруді, интриганы үйренуі.Мұхтар әуезовтың «Оқыған адамзат» әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкердің бір түрі бұл Омар.

Сәкеннің әңгімесінде де титтей әсірелеу ,жалғандық жоқ,сан нюанс,сан қатпар астар бар.Оқырман өз көзімен көріп отырғандай әсерге бөлінеді. ( 4. 18-22 бб. )

Сәкентанушы ірі ғалымдардың бірі, академик Серік Қирабаевтың « Сәкен Сейфуллин » атты ( Алматы, « Жазушы », 1974 ) кітабының « Реалистік проза жолында » деген бөлімінде: « Сәкен тек жаңашыл ақын ғана емес, үлкен прозаик есебінде жас қазақ совет әдебиетінің қалыптасуына үлес қосты », - деп жазды . « Ақынның революциялық көзқарасын танытқан « Жұбату » - 1917 жылы жазылған. Горькийдің романтикалық әңгімелерінің әсері күшті осы әңгімеде дейді Сәкеннің өзі » .( 5. 18-19 бб. )

Оқу-ағарту мәселесі – Сәкен азаматтығының күре тамыры. « Енді жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек. Қазаққа оқу бұрын бір мәртебе керек болса, енді мың мәрте керек. Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараң. » деген құнарлы ойды Сәкен Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы болып сайланған күннің ертеңінде, яғни 1922 жылы 21 қарашадағы « Зор міндет » деген мақаласында жазды. ( 6. 9-бет ).

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мұра қалдырды.

Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейтесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.

Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн, жаңа форма, асқақ идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті. ( 7. 80 –бет )

Қорыта айтқанда Сәкен өзінің балаларға арналған барлық шығармасымен жас өспірімдерге, ұландарға отанға деген сүйіспеншілікті және оны көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретуге тырысты. Сонымен қатар өнер – білімге үйреніп, еңбек ету – адам баласы болашағының бақыты екенін түсіндіруге күш салды. Сәкен шығармаларының айқын идеясы балаларды, адмгершілік рухта тәрбиелеуді көздеді. ( 8. 179 бет )

Дәріс бойынша сұрақтар:

1. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

2. С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні.

№ 13дәріс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет