01-1471-1-2020 тобы студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикадан өтуі бойынша ПІКІР
01-1471-1-2020 тобының студенттері психологиялық-педагогикалық практикадан Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 2022 жылдың 24.01 мен 04.02 аралықта өтті. Практика барысында студенттерсынып жетекшісінің психологиялық-педагогикалық жұмысының мазмұнымен танысып, білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша сынып жетекшісінің қызметімен және құжаттарымен танысып, сынып жетекшісінің рөлән атқарып, сынып ұжымымен тығыз қарым-қатынас жасасты. Сонымен қатар, сыныппен бірге «Дене тәрбиесі», «Отбасы тәрбиесі» атты сынып сағаттарды өткізіп, оқушыларды жұмысқа белсенді қатыстырып, оқушыларды топпен жұмыс жасатты. Және де практика барсында студенттер бекітілген сыныптарының барлық жиналыстарына қатысып, ата-аналардың көкейінде жүрген сауалдарға сынып жетекшісінің жауап беру тактісін бақылады. Пән мұғалімінің психологиялық-педагогикалық жұмысының мазмұнымен, қызметімен және құжаттарымен танысты. Сыныптағы мұғалім мен оқушы қызметін бақылады. Сонымен қоса, студенттер білім беру мекемесінің әкімшілігімен және педагогикалық ұжымымен танысып, мекеменің материалдық- техникалық базамен жабдықталуын көріп, құжаттарымен танысты. 01-1471-1-2020 тобы сиуденттері практика барсында өздерін тек жақсы жағынан ғана көрсетіп қоймай, өздерінің болашақта білікті маман, заманауи тенденциямен қатар дамып келе жатқан салауатты да парасатты тұлға ретінде көрсете білді.
Отзыв по прохождению психолого-педагогической практики студентами 2 курса группы 01-1471-2-2020