АПОСТЕРИОРИ ЖӘНЕ АПРИОРИ – тәжірибеге қатысты, олардың ақиқаттылығы туралы білім алатын тәсіл бойынша тұжырымдар немесе пікірлердің түрлері арасындағы айырмашылық. Априорлы білім - өмір тәжірибесіне тәуелсіз, оған дейін танылатын ұғым. Апостериорлы – тәжірибеден алынған білім.
АТАРАКСИЯ - руханитыныштық және наразылықтың болмауы күйі, әлемнің барлық мәселелерінен бас тарту. (Эпикур).
АТРИБУТ - субстанцияның ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.
АҚИҚАТ- таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |