Студенттің есебі



Дата16.05.2023
өлшемі2,2 Mb.
#176858
түріСабақ
Байланысты:
есеп Дана (1) (1)


Студенттің есебі
Мен Күлмағанбетова Дана Берікқызы Әуезов атындағы “Жаңа Ғасыр” №175 мектеп гимназиясында 23.01.23-13.05.23 аралығында педагогикалық практикадан өттім. Бізде 03.10.2022 күні зум платформасында жиналыс өтті .Таныстырулар,қандай мектепте өтетіні туралы, киім үлгісі , уакытты , сынып барлығы жөнінде таныстық . 23.01.2023 күні мектепке бардық мектеп завучы және жетекшімен жиналыс болды. Бізді сыныптарға бөлді , мен 4“Г” сыныбына түстім.

Мектепке барып жүргенімізге екінші апта.


Сабақ кестесінде 5 пән
1)Әдебиеттік оқу
2)Дүниетану
3)Математика
4)Ағылшын
5)Кітап оқу(қосымша сабақ)
Әдебиеттік оқу Том мен Бекки әңгімесі туралы өттік . Оқушылар өте белсенді , өз ойларын ашық айта алады. 2 сабақ дүниетану бұл сабақта Қазақстан Республикасын қорғау-әрбір азаматтын борышы . Мектептегі қоғамдағы өз орындары туралы айтылды. 3 сабақ математика күрделі теңдеу туралы өттік балалармен бірге есеп шығардық. Сонымен қатар диктант дәптерін тексеріп тәжірбие алмастық.

Екінші апта мен үшін өте пайдалы болды мен оқушыларды бағалауды үйрендім. Сонымен қатар диктант, бақылау жұмыстарын тексердім . Сынып жұмысы , үй жұмысын бағаладым.


1) Әдебите балалар “Нағыз достық” туралы меңгерді.
2)Орыс тілі ТЖБ тапсырды.
3) Музыка ұлттық аспап домбыра жайлы үйренді.
4)Қазақ тілі “Дала үні” диктант жазды.
5)Математика күрделі көбейту кестесін үйренді.
Сабақ өте пайдалы болды.
Мерекелік демалыс бітіп балалармен кездестік. Балалар апайлары тоқсандық демалысқа тапсырған жұмыстарын алып келді. Апай балаларды компьютер арқылы топқа бөлді. Бірінші сабақ қазақ тілі болды балалар “Ц” дыбысымен танысты, екінші сабақ орыс тілі өттік . Математика сабағы балалардын жақсы көретін пәні . Балалар өте белсене қатысады және сонымен қатар балалар өте ұшқыр ойлайды .

Бүгін бірінші сабақ әдебиеттік оқу болды, апай балаларды топқа бөліп , әр топтан топбасшы тағайындады. Барлық топқа ақ парақ таратып тапсырма беріп топбасшыларына қорғатты. Келесі математика сабағы болды бүгін күрделі теңдеу шығардық. Музыка және орыс тілі сабақтары болды. Қазақ тілі сабағында мен балаларға диктант жаздырттым жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын , тапсырмалар орындаттым.


Бүгін балалардан бжб,тжб алдық. Балалар бүгін топқа бөлініп кластер жасады, топқа қосымша арқылы бөлінді. Топта баға топ бойынша қойылды сол себепті барлық бала ат салысып , белсене қатысты. Сабақ өте көңілді өтті. Балар қазірден жоғарғы сыныпқа дайындықты бастап кетті. Ұстаздары әр сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларды қызықтырып , сабаққа деген ынтасын оята алады.



Бірінші сабақ қазақ тілі. Әуелі үй жұмысы тексерілді , үй жұмысына әр оқушы бір күніне арналған жоспар жасап оны кластер түрінде дайындап келген. Сабақты топпен шығарып сұрады. Оқушылардың азынан көбі кластер туралы өте жақсы біледі. Бүгін сонымен қатар математика және қазақ тілінен үй жұмысын тексердім және бағаладым . Осы практикада көп ақпарат үйрендім, білдім. Әдебиеттік оқудан балалардың үй жұмысын мен тексердім.
Педагогикалық тәжірибеден өткеннен кейін мен өзім үшін көптеген қызықты нәрселерді байқадым. Біріншісі, ұстаздық мамандыққа деген көзқарасым оң жаққа өзгерді. Екіншіден, өзімді ұстаз ретінде елестетпесем де, осыған бейімім көп екенін енді түсіндім.

Сабақтың ұйымдатырылуына орай бірнеше ұсынысым бар:


-Көрнекілік құралдарды пайдалану;
-Әдістермен жұмыс жасау;
-Оқушымен кері байланыс жасау;
-Сергіту сәтін балалармен көбірек өткізу.
Практикада өте көптеген керекті ақпарттар алдым, болашақта маған керек көптеген ұтымды жақтарын білдім. Оқушы мен ұстаздың бір-біріне кері байланысы. Ұстаз өзін қалай ұстау керек, күлетін жерде күліп, тәртіпке бағындырып , тіпті кейде сол балалардың қалпына түсуі керек екенін түсіндім.Менің таңдаған мамандығым өте үлкен жауапкершілік талап ететінін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет