Студенттің Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау туралы жалпы мәлімет



бет1/14
Дата14.09.2024
өлшемі10,5 Mb.
#204336
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
СӨЖ МЖДБДТ


Әдістемелік нұсқау

Н 2-1-30
08.08.2023












СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Студенттердің өзіндік жұмысы - маман дайындауда басты орын алады. Өзіндік жұмысы студенттің жеке қөзқарасын қалыптастырады және ойлау қаблетін дамытады. Студенттердің


өзіндік жұмысы үй жұмысын орындау, эссе жұмысын жазу, коллоквиум сұрақтарына
дайындалу, практикалық сабақтарды орындау, емтиханға дайындалу, өткен тақырыптарды пысықтау, конспект жазу және тағы басқалардың машықтығын дамыту мақсатында беріледі. Сонымен қатар, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді, еңбекті сүюді, уақытын дұрыс пайдалануға үйретіп баулиды. Студенттердің өзіндік жұмысы материалды және уақыт бюджетін дұрыс рационалды пайдалануды үйретеді. Студенттердің күнделікті уақыт бюджеті аудиториялық сағат пен өздік жұмысы болып екіге бөлінеді. Студенттердің өзіндік жұмысы сабақтан тыс орындалады. Бұл жұмыспен студенттер өзінің білімін, алғырлығын көрсетіп, дәлелдейді. Студенттердің өздік жұмысын дөңгелек стол, әңгіме, диспут формаларында өткізуге болады яғни жеке дара немесе топта өткізуге болады. Бұл алынған тақырыпқа байланысты. Студенттердің өзіндік жұмысының жалпы білімдік және тәрбиелік маңызы бар және практикалық тақырыптармен байланысты. Өзіндік жұмысы барысында студент өз білімін басқа әдебиеттер мен оқулықтарды, интернетті қолданып тереңдете алады. Студенттердің өзіндік жұмысына алынған тақырыптары бойынша ғылыми конференцияларда баяндама жасауға құқылы.
Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттің өзіндік жұмысы оқу жұмысының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өзіндік жұмыстарды орындауда студенттердің өз бетімен жұмыс істей білу дағдылары қалыптасуымен қатар ізденушілік, зерттеушілік, әдістемелік және танымдық қабілеттері артып, оқу курсын жақсы меңгеруге талпыныстар жасайды.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша барлығы - 90 сағат, оның ішінде СОӨЖ (22,5 сағат) студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) орындау қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар пәннің оқу жұмыс бағдарламасында көрсетілгендей академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріліп оларды орындау мен бағалау 3 және 14 апталарда оқу жұмыс бағдарламасында көрсетілген ретпен іске асырылады.Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS – Сириус платформасын қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет