5) Файлдық нұсқағышпен басқару. Әрбір ашық файлмен файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл нұсқағыш бойынша әрбір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі позицияға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу қажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар. Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.
6) Файлды жабу. Бұл операция екі функция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
Файлды жапқан соң онымен барлық байланыс тоқтатылады.да өте маңызды – ол файл түсінігі.
Студенттің өзіндік жұмысы
Н 3-1.1.36
08.08.2023
Көптеген операциялық жүйелер әртүрлі типтегі файлдарды қолдайды. Мысалы, UNIX және Windows жүйелерінде қарапайым файлдар мен каталогтар арасында айырмашылық бар. Сонымен қатар, UNIX жүйесінде символдық және блоктық арнайы файлдар бар. Windows XP жүйесі метадеректер файлдарын пайдаланады. Қарапайым (regular) файлдарға пайдаланушы ақпаратынан тұратын барлық файлдар жатады. 10.2 суреттегі барлық файлдар жай ғана файл болып табылады. Каталогтар – бұл файлдық жүйені құрылымдауды қамтамасыз ететін жүйелік файлдар. Символдық арнайы файлдардың енгізу-шығаруға қатысы бар және терминал, принтер және желі сияқты енгізу-шығарудың тізбектік құрылғыларын модельдеу үшін пайдаланылады. Блоктық арнайы файлдар дисктерді модельдеу барысында қолданыс табады. Бұл бөлімде негізінде қарапайым файлдар қарастырылады. Қарапайым файлдар не ASCII-файлдар, не екілік файлдар болып табылады. ASCII-файлдар мәтіндік қатарлардан тұрады. Кейбір жүйелерде әртбір ASCII-қатар каретканы қайтару символымен аяқталады. Басқа (мысалы, UNIX) жүйелерде қатарды ауыстыру символы пайдаланылады. Бұл екеуі де қажет болатын жүйелер (мысалы, Windows) бар. Қатарлар бірдей ұзындықта болуы шарт емес.Барлық операциялық жүйелер ең болмағанда бір файл типін - өз орындалушы файлдарын тануы тиіс, бірақ кейбір операциялық жүйелер басқа типтегі файлдарды да айыра алады. TOPS-20 ескі жүйесі (DECsystem 20 компьютеріне арналған) оған орындауға берілген әрбір файлдың құрылған уақытына да анализ жасайды. Содан кейін ол бастапқы файлды тауып, орындалушы файл құрылғаннан кейін оның өзгеріске ұшыраған-ұшырамағанын тексереді. Егер орындалушы файл ескірген болса, операциялық жүйе басстапқы файлды автоматты түрде қайта компиляциялайды. UNIX тіліне аударуда – make бағдарламасы қабықшаға кірістіріліп қойылды. Операциялық жүйенің қандай екілік бағдарлама қай бастапқы файлдан туындағанын анықтай алуы үшін файлдар атауының кеңейтілуі міндетті болды. Алайда, файлдар типінің мазмұнына деген мұндай қатаң байлануы операциялық жүйені құрастырушылармен қарастырылмаған, қандай да бір нәрсені жасауға тырысқан пайдаланушы үшін ыңғайсыз болуы мүмкін. Мысалы, бағдарламалық шығыс файлдары автоматты түрде dat (деректер файлы) кеңейтілуін алатын жүйені алайық. Айталық, пайдаланушы С тілінде бағдарламаның бастапқы мәтіндерін форматтайтын бағдарлама жазды делік. Бағдарлама кеңейтілуі .с болатын файлды оқиды, оны өңдейді және содан кейін нәтижені стандартты кеңейтілуі .dat болатын файлға сақтайды. Егер пайдаланушы кейін бұл файлды С компиляторына ұсынатын болса, операциялық жүйе оны компиляциялауға жол бермейді, өйткені осы әрекет үшін файлдың кеңейтілуі дұрыс емес. file.dat файлын file.с файлына көшіру әрекеті пайдаланушыны қателіктен қорғау үшін операциялық жүйемен қайтарылып тасталады. Алайда мұндай «достық» пайдаланушыларға қатысты жаңадан келгендерге пайдалы болуы мүмкін, ол операциялық жүйені алдау үшін тәжірибелі пайдаланушыларды шарасыз күйге түсіреді.