СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР: Анықталған әлсіз миокард гипоксиясы бар науқасқа адреналин егілді. Гипоксиялық өзгерген миокардта қандай өзгерістер болады? Енгізілген адреналин гипоксияны азайта ма, арттыра ма немесе жояды ма?
Сіз кардиологиялық бөлімшеде жұмыс істейсіз. Сізді кенеттен мұздай тері мен қатты әлсіздігі пайда болған науқасқа шақырады. Науқас сұрғылт тартқан. Тамыр соғысы жиі, ритмикалық, әлсіз тығыздықты және толымдықты. АҚ 70/20 мм сын. бағ. Бұндай тамыр соғысы қалай аталады? Сіздің тактикаңыз?
Мейірбикені көршісіне шақырды. Онда кенеттен кеудесінде интенсивті қысу ауырсынуы пайда болған, сол қол мен жауырынға ауырсынулары берілген. Мейірбикенің тактикасы қандай?
Кардиологиялық бөлімшеде жатқан науқаста, туыстары кіріп шыққан кейін шүйде тұсы мен басы ауырып, бас айналып, жүрегі айныды. Мейірбикенің тактикасы қандай?
6 сабақ 1. Тақырыбы: Нерв жүйесіндегі және зат алмасудағы бұзылыстар, олардың алдын – алу және емдеу.
2. Мақсаты: изучить и ознакомить студентов с особенностями ухода за больными с растройством нервной системы и обмена веществ, их профилактикой.
Студенттерді нерв жүйесінің және зат алмасуының бұзылыстары бар науқастарға күтім жасау және олардың алдын – алуды оқытып таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Нерв жүйесіне келетін асқынулар
Терморегуляляцияның бұзылуы
ӨЖЖ кезінде бассүйекішілік қысымның көтерілуі.
Ми гипоксиясы
Жұлынның зақымдалуы
Офтальмологиялық асқынулар
Анестзия кезінде сананың бұзылуы
Құрысқақтық синдром
Перифериялық нервтердің шала салдануы және салдану