Студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу


Ингаляциялық наркоз жүргізгенде сыртқы тыныстың функцияларын бағалау бойынша практикалық білімдеріңізді көрсетіңіз. 7



бет65/111
Дата24.11.2023
өлшемі308,2 Kb.
#193330
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111
Байланысты:
метод-СРС-СД-анест-реан-каз

6. Ингаляциялық наркоз жүргізгенде сыртқы тыныстың функцияларын бағалау бойынша практикалық білімдеріңізді көрсетіңіз.
7. Науқаста операциядан кейінгі кезеңде бронхоспазм дамыды. ТАЖ 32 р мин., SaO2 80%, PaO2=72 мм рт.ст., РаСО2= 55 мм.рт.ст. Осы асқынуды жоятын іс – шараларды атаңыз.

С атты науқас 60 жаста (бойы 188см, салмағы 70 кг), жайылған іріңді перитонит бойынша лапаротомия жасалған. Температурасының 40°-қа көтерілуіне ерекше көңіл бөледі. Инфузионды – трансфузионды емдеудің көлемін және толық парентеральді тамақтану көлемін есептеу қажет.


Көк тамырға ине егу кезінде ине орнында гематома пайда болды. Бұл асқынуда медбикенің іс - әрекеті?
Медбике науқасқа көк тамырына ерітінді енгізуде. Енгізуден 15 минут өткен соң науқас жаурап – қалтырауға шағымданды. Бұл неге байланысты болуы мүмкін? Осы жағдайдағы медбикенің іс - әрекеті?
Дәрігер науқасқа абактал антибиотигін көк тамырға енгізуін тағайындады. Науқас алдында бұл антибиотикті қабылдамаған. Медбике науқасқа жүйе енгізіп тамызуды бастады. 3 минут өткенденауқаста терісінің жалпы қызаруы, мазасыздануы, тыныс алудың бұзылуы, АҚ-ның кенеттен түсіп кетуі, аритмия пайда болды. Науқасқа не болды? Медбикенің қателігі. Науқасқа жедел жәрдемді қалай көрсету керек?
Дәріні тамшылатып енгізу кезінде жүйедегі сұйықтық тоқтап қалды және жүйе жұмысын тоқтатты. Бұл немен байланысты? Медбикенің іс - әрекеті?
Медбике науқасқа ақуызды дәріні минутына 60 тамшы жылдамдықпен тамшылатты. Біраз уақыт өткенде науқас бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына, ыстықтау сезіміне шағымданды. Медбикенің қателігін атаңыз? Оның кейінгі
іс - әрекеті?
7. Р атты 75 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне бүйрек тас ауруына жасалған операциядан кейін келіп түсті. Анамнезінде науқас жүрек ишимия ауруымен, инфаркттан кейінгі кардиосклероз ауруымен ауырады. Операция кезінде науқасқа 2,5 литр көлемінде инфузионды терапия және 400 мл полиглюкин енгізілді. Реанимацияға өкпе ісігімен келіп түсті. Өкпе ісігінің пайда болуының диагностика әдістерін және терапиясын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет