СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР Науқас К., 40 жас, ойық жарадан кейінгі пилоропластикаға байланысты операциялық араласуды басынан кешіргеннен кейін қатты шөлдегенін айтты. Объективті: тері қабаты құрғақ, көз алмасы қалыпты қаттылықта, қанағаттанарлық параметрлерде, әлсіз гемоконцентрация. Қажет: дисгидрия типін табу, қосымша қаралу, ИТ әдістері.
Стандартты сарысу көмегімен науқастың қан тобын анықтау кезінде агглютинация О (I) және А (II) қан топтарымен болды. Науқастың қан тобы қандай?
Агглютинация стандартты сарысу көмегімен науқастың қан тобын анықтау ешқандай қан топтарымен болмады. Науқастың қан тобы қандай?
Донор және реципиент қандарының жеке үйлесімділігін анықату кезінде агглютинация реакциясы болды. Сіздің тактикаңыз?
Биологиялық сынақты жүргізу кезінде қанды құю барысында науқас қалтырау, белдегі ауырсынулар пайда болды. Қандай асқыну туралы айтылып жатыр? Не істеу қажет?
Қан құйғаннан кейін 6 сағат өткен соң науқастың белі ауырып, қалтырай бастады. Сіздің әрекетіңіз?
Мейірбике донор қаны бар флаконды алғанда ондағы қан плазмасықызғыт түсті екендігін байқады. Мұндай түске боялу неге негізделген және мұндай қанды құюға бола ма?
Мейірбике науқасқа полиглюкинді көк тамырға тамшылатып енгізді. Енгізу кезінде науаста кеуде тұсының қысылу сезімдері, тыныстың тарылу, бет гиперемиясы, тахикардия белгілері байқалды. Қандай жағдай орын алды? Мейірбикнің қателігі неде?
Гемотрансфузияны көктамырға тамшылатып жүргізу барсында мейірбике 10 минутқа басқа науқасқа кетіп қалады. Қайтып келген соң ол флаконның да системаның да босап қалғаннын көрді. Науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, қозу пайда болып, денесінің жоғарғы бөлігінде цианоз дамып, АҚ төмендеді. Науқаспен қандай асқыну орын алды? Мейірбикенің қателігі неде? Бұл асқынудың емі қандай?
Қан құю кезінде науқаста температура көтеріліп, басы ауырып, ыстығы пайда болды. Науқаста қандай асқыну орын алды? Бұл асқынудың емі қандай.