АДГ немесевазопрессин — пептид, құрамында 1 дисульфидтік көпірше байланысымен жалғасқан 9 аминоқышқыл болады. Ол гипоталамустың нейрондарында препрогормон түрінде синтезделіп Гольджи аппаратына түседі де ол органеллада прогормонға айналады. Прогормон ары қарай нейросекреттелуші гранула құрамында гипофиздің артқы бөлігіне (нейрогипофизге) жүйке ұлпасының соңдары арқылы тасымалданады. Тасымалдану кезінде гранулада прогормонның процессингі өтеді, нәтижесінде ол жетілген гормонға және тасымалдаушы протеин - нейрофизинге бөлінеді. Құрамында нейрофизин және жетілген гормоны бар гранулалар нейрогипофиз аксондарының терминалдық кеңейтілген бөліктерінде сақталады. Олардан сәйкес келуші стимулдеуші әсер болған кезде қан айналысына секретеледі. Аксон бойымен тасымалдануды арнайы тасымалдаушы протеин — нейрофизин атқарады.