Су-т‰з алмасуы реттелуі


Вазопрессин (АДГ) үшін аса маңызды нысана-жасушалар



бет12/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Вазопрессин (АДГ) үшін аса маңызды нысана-жасушалар — бұлар бүйректің дистальдық және жинақтаушы түтікшелерінің жасушалары болып табылады. Бұл түтікшелердің жасушалары суды салыстырмалы түрде өткізбейді және АДГ болмаған кезде несеп концентрацияланбайды, сондықтан көп мөлшерде бөлінуі мүмкін, тәулігіне 20 л астам (қалыпты мөлшері 800 - 2000 мл).




Сурет 1. Бүйрек каналшаларындағы вазопрессинің әсер ету механизмі.

АДГ әсер ететін рецептордың екі түрі болады — V1 және V2. V2 -рецепторы (гормонның негізгі әсерін өткізушілер) тек бүйректің эпителиалдық жасушаларының беткейінде ғана анықталған. АДГ-ның V2 рецептормен байланысуы аденилатциклазалық жүйені қосарландырады және ол протеинкиназа А-ның (ПКА) активтенуін стимулдейді. Протеинкиназа А (ПКА) протеиндерді фосфорландырады. Бұл протеиндер мембраналық протеин – аквапорин-2-нің генінің экспресиясын стимулдейді. Аквапорин-2 апикалдық мембранаға ауысып, оған орналасып су каналдарын түзеді (сурет 1). Олар жасуша мембранасының су үшін селективті өткізгіштігін қамтамассыз етеді. Нәтижесінде судың бүйрек каналшаларынан реабсорциясы жүреді және су интерстициалдық кеңістікке өтеді.


V1-рецептор жазық бұлшықет мембраналарында шоғырланған. Vi-дің АДГ мен байланысуы фосфолипаза С-ның активтенуіне әкеледі. Фосфолипаза С фосфатидилинозитол-4,5-бифосфатты гидролиздеп инозитол-3-фосфаттың (ИФ-3) түзілуіне әкеледі. ИФ-3 эндоплазмалық ретикулумнан Са2+-ң босатылуын жүргізеді. Гормонның Vi рецептор арқылы әсерінің нәтижесі тамырлардың жазық бұлшықеттік қабатын жиырылдыру болып табылады.
Вазопрессиннің тамыртарылтушы әсері оның жоғары концентрациясы кезінде байқалады.
Вазопрессиннің V2 рецептормен байланысушылығы V1 рецепторға қарағанда жоғары болғандықтан, бұл гормонның физиологиялық концентрациясында негізінен оның антидиуреттік әсері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет