Су-т‰з алмасуы реттелуі


Альдостерон индукциялайтын протеиндердің жалпы биологиялық әсері



бет15/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Альдостерон индукциялайтын протеиндердің жалпы биологиялық әсері нәтижесінде нефрон каналшаларында натрий иондарының реабсорбциясы жоғарлайды, бұл ағзада NаСІ-дың ұсталып сақталуына және калий иондары экскрециясы жоғарлауына әкеледі. (Сурет 2).
Альдостеронның синтезі мен секрециясының негізгі реттелуі механизмі ренин-ангиотензиндік жүйесі арқылы атқарылады. (Сурет 3).


Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің су-тұз алмасуының реттелуіне қатысуы
Ренин — фермент, ол бүйректік түйін шумақтар құрамындағы афференттік (әкелуші) артериолдардың соңғы бойында орналасқан юкстагломерулярлық жасушаларында өндіріледі.

Хххххххххххххххх баста хххххх


Бұл жасушалардың шоғырлануы оларды артериялық қысымның өзгерістеріне ерекше сезімтал етеді. Артериялық қысымның төмендеуі, сұйықтың немесе қанның жоғалтылуы, NaCI кон­центрациясының төмендеуі рениннің босатылуын стимулдейді.


Ангиотензиноген — 2глобулин, ол бауырда синтезделеді. Рениннің әсері үшін субстрат болып табылады. Ренин ангиотензиноген молекуласындағы пептидтік байланысты гидролиздейді және N-соңындағы декапептидті (ангиотензин І) бөледі.
Ангиотензин I ангиотензинөзгертуші фермент карбоксипептидилдипептидаза үшін субстрат болып табылады. Ол эндотелиалдық жасушалар мен қан плазмасында кездеседі. Ангиотензин І-ден екі терминалдық аминоқышқылдар бөлініп октапептид – ангиотензин ІІ түзіледі.
Ангиотензин II альдостеронның өндірілуін стимулдейді, артериолдардың тарылуын дамытады, соның нәтижесінде артериялық қысым жоғарлайды, шөлдеу сезімі дамиды. Ангиотензин ІІ альдостеронның синтезі мен секрециясын инозитолфосфаттық жүйе арқылы активтендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет