БҮЙРЕК ПЕН НЕСЕП БИОХИМИЯСЫ Бүйрек — жұп мүше, оның қүрылымдық бірлігі — нефрон. Бүйректе І минутта 1000 – І300 мл қан сүзіледі. Бүйрек қанмен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен басқа мүшелермен, ұлпалармен тығыз байланыста болады және ағзаның жалпы ішкі ортасына ықпал етеді.
Бүйректің қызметі:
1. Экскреторлық: - а) катаболизмнің соңғы өнімдерін шығаруы (бүйрек ағзадан керексіз затгарды сыртқа шығарады, мысалы, мочевина, креатинин және басқа да токсикалық өнімдер; - б) ішектен сіңірілген және метаболизм үдерісінде пайда болған қажетсіз заттарды шығарады: - судың артық мөлшерін, органикалық қышқылдарды, витаминдерді (дәрілік препараттарды), гормон және т.б.; - в ) ксенобиотиктерді шығарады — бөтен заттар (дәрі-дәрмек, никотин).
2. Гомеостазды тұрақтандыру. Бүйрек гомеостаз реттелуіне қатысады: - а) су гомеостазының; - б) тұз гомеостазының; - в) қышқылдық-негіздік қалыптың.
3. Метаболиттік қызмет: - а) протеин, май, көмірсу алмасуына қатысуы; - б) бүйректе кейбір биологиялық активті заттар синтезделеді: ренин, Дз витаминнің активті түрі, эритропоэтин, простагландин, кинин. Бұл заттар артериялық қысымға, қан ұюына, фосфор-кальций алмасуына, эритроциттердің дамуына ықпал етеді.