Сурет 2. Альдостеронның әсер ету механизмі
Гормон нысана-жасушалардың ішіне өтеді және ядрода немесе цитозолда орналасқан спецификалық рецептормен әсерлеседі. Түзілетін гормон-рецептор комплексі ДНҚ-ның белгілі бір бөлігімен әсерлеседі. Нәтижесінде спецификалық гендердің транскрипциясының жылдамдығы өзгереді
Альдостерон әсерінің нәтижесі –келесі синтездердің индукциялануы: 1. Nа+ -ті каналша қуысынан бүйрек каналшасының эпителиалдық жасушасына тасымалдайтын протеиндердің синтезін; 2.бүйрек каналшаларынан Nа+-ті жасушааралық кеңістікке шығаруды және К+ -ті каналша қуысынан бүйректің эпителий жасушаларына шығаруды қамтамассыз ететін Nа+/К+-АТФ-азаның синтезін; 3.бүйрек каналшасынан К+-ті бірінші ретті несепке тасымалдайтын тасымалдаушы-протеиндер синтезін; 4.митохондриялық ҮКҚЦ ферменттерін, олар АТФ синтезін жүргізетіндіктен иондардың активті тасымалдануы үшін қажет.