Несептегі жентектелген бөлшектер — несеп шығару жолдарының зақымдалуынан мукопротеидтердің, протеиндердің, несеп шығару каналшаларының эпителиалдық жасушаларынан пайда болады.
Несептегі қалдықтар оксалат және ураттардың тотығуынан түзілген нашар еритін қалдықтардан түзіледі.
Несептің қалыпты жағдайдағы рН - 5,5 — 6,5.
Несептің қышқылдылығы күкіртқұрамды аминқышқылдардың катаболизмі кезінде түзілетін күкірт қышқылынан, фосфолипидтердің, фосфопротеидтердің нуклеин қышқылдарының ыдыраған кезінде түзілетін фосфор қышқылынан, ішектерде тағамдардан адсорбцияланған аниондардан құралады.
Сурет 3.