3. Несептің химиялық құрамы Несептің органикалық фракциясының негізгі бөлігін, азоттық алмасудың соңғы өнімдерін азотқұрамды заттар құрайды (сур.3). Мочевина, бауырда түзіледі. Ол аминоқышқылдар мен пиримидиндік негіздер құрамдарындағы азоттың тасымалдаушысы. Мочевинаның мөлшері протеиндер метаболизмімен тікелей байланысты: 70 г протеин ыдырауында ~30 г мочевина түзіледі. Несеп қышқылы пуриндік азоттық негіздердің соңғы өнімі болып табылады. Креатинин, креатиннің спонтанды циклденуі есебінен түзіледі. Ол бұлшықет ұлпасының алмасуының соңғы өнімі болып табылады. Креатининнің тәуліктік бөліну мөлшері жеке сипатта болатындықтан (ол бұлшықет массасына тікелей пропорционалды), креатинин гломерулярлық сүзілудің жылдамдығын анықтауға арналған эндогендік зат ретінде пайдалануға болады. Несепте аминоқышқылдардың болуы тағам құрамының сипаты мен бауырдың тиімді қызметіне байланысты. Несепте аминоқышқылдардың туындылары да болады (мысалы, гиппур қышқылы). Арнайы протеиндердің құрамына кіретін аминоқышқылдардың туындыларының несептің құрамында болуы, мысалы коллагеннің құрамындағы гидроксипролиннің, актин мен миозиннің құрамындағы 3-метилгистидиннің, бұл протеиндер ыдырауы интенсивтілігінің көрсеткіші қызметін атқаруы мүмкін.
Несептің құрамдық компоненттеріне бауырда түзілетін күкірт және глюкурон қышқылдарымен түзілетін конъюгаттар, глицинмен және басқа да полярлы заттармен қосылыстар түзуі.
Несепте көптеген гормондардың (катехоламиндер, стероидтер, серотонин) метаболиттік трансформациясы өнімдері де болуы мүмкін. Соңғы өнімдердің құрамы бойынша бұл гормондардың ағзадағы биосинтезі туралы көріністі байқауға болады. Протеиндік гормон хориогонадотропин (ХГ, M 36 кДа), жүктілік кезінде түзіледі, қанға түседі және несептен иммунологиялық әдіспен анықталады. Бұл гормонның несептің құрамында болуы жүктіліктің белгісі болып табылады.
Несепке сары түсті гемоглобиннің деградациясы кезінде түзілетін өт пигменттерінің туындылары урохромдар береді. Несеп сақталған кезде урохромдардың тотығуы есебінен қараяды.
Несепте катиондар Na+, K+, Ca2+, Mg2+ және NH4+, аниондар Cl-, SO42-және НРО42- және өте аз мөлшерде басқа да иондар болады. Кальций магний иондарының нәжіс құрамындағы мөлшері несепмен салыстырғанда жоғары болады. Бейорганикалық заттардың мөлшері қоректену сипатына көп мөлшерде тәуелді болады. Ацидоз кезінде аммиактың экскрециясы көп жоғарлауы мүмкін. Көптеген иондардың шығарылуы гормондар арқылы реттеледі.
Несептің көлемі және иондарының құрамы гормондардың бірлескен әсері және бүйректің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты болады. Несептің тәуліктік көлеміне келесі гормондар ықпал етеді:
АЛЬДОСТЕРОН және ВАЗОПРЕССИН (олардың әсер ету механизмдері жоғарыда келтірілген).
ПАРАТГОРМОН – қалқанша маңы безінің протеиндік-пептидтік табиғаттағы гормоны, (мембраналық механизммен әсер етеді, цАМФ арқылы) ағзадан тұздардың бөлінуіне ықпал етеді. Ол бүйректерде Са+2 және Mg+2 каналшалық реабсорбциясын, К+, фосфата, HCO3- экскрециясын күшейтеді және H+ және NH4+ реабсорбциясын төмендетеді. Негізінен бұл фосфат иондарының каналшалық реабсорбциясын төмендету нәтижесінде өтеді. Сол мезгілде қан плазмасында кальций концентрациясы жоғарлайды. Паратгормонның гипосекрециясы керісінше құбылысқа әкеледі – қан плазмасында фосфат мөлшерінің жоғарлауына және Ca+2 иондарының мөлшерінің төмендеуіне әкеледі.
ЭСТРАДИОЛ - әйелдердің жыныс гормондары. D3–тің 1,25-диоксивитаминінің синтезін стимулдейді, бүйрек каналшаларында кальций мен фосфордың реабсорбциясын күшейтеді.