«Су сенің досың және дұшпаның» демекші жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Бырақ жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
1. Суға шомылатын жерді,
жалпы жағдайды судың
тазалығын, тереңдігін мұқият
тексеріп алыңыздар.
2. Тамақ ішкеннен кейін
бірден шомылмаңыз.
3. Суға тек қана рұқсат
етілген жерлер мен
жағажайларда шомылыңыздар.
4. Өте ұзақ шомылмаңыз,
өзіңізді шаршауға және
тоңып қалтырауға дейін
жеткізбеңіз.
5. Суға түскенде бір-біріңізді
көзден таса қылмаңыз.
6.Қоршау белгілерінен,
буйлардан тысқары
аумаққа шықпаңыз.
7. Техникалық ескерту
белгіренінің, буйлардың
және басқалардың үстіне
шықпаңыз.
Аяқ қол тырысуы болғанда сіздің іс-әрекетіңіз.
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
Егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқайып жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.