Судан электр энергиясын өндіру



бет1/2
Дата02.02.2020
өлшемі1,19 Mb.
#56966
  1   2
Байланысты:
Tayryby - kopiya 1416543708

ШҚО, Семей қаласы «№39 ЖОББМ» КММ-ның

физика пәні мұғалімі: Сагандыкова Куралай Асхатовна


Тақырыбы: Судан электр энергиясын өндіру”

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.



Жалпы электр тогы деп электр зарядтарының кез-келген реттелген қозғалысын айтады. Электр зарядтары 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Электростатика зарядтың өзара әсерлесу заңдылығын қарастырады. Электростатиканың дамуына Кулон, Фарадей, Ампер сияқты ғалымдар өз үлесін қосқан. Электростатика электр құбылыстарының негізі. Электр құбылысының ең басты анықтамасы ток күші- осы зарядтардың реттелген қозғалысынан пайда болады. Электроскоп – (электро... және грек. skopeo – көремін) дененің электрлену дәрежесін анықтауға арналған прибор. Ол жеңіл металл (алюминий) жапырақшалар ілінген металл шариктен (не сырықтан) тұрады. Шарикке (не сырыққа) электрленген денені тиістіргенде жапырақшалар бір-біріне тебіледі. Жапырақшалардың бір-біріне қашықтау дәрежесі (арасындағы бұрышы) шамамен шарикке (сырыққа) берілген электр зарядының мөлшеріне пропорционал. Егер Электроскопты металл қораптың ішіне орналастырылып (металл қорап сырыққа тиістірілмейді), сым арқылы жермен қосылса, онда жапырақшалардың арасындағы бұрыш электроскоп шаригіне (сырыққа) тиістірілген дененің жермен салыстырғандағы потенциалының өлшеуіші болады.

Біз бұл ғылыми жобада судан электр энергиясын алудың жолдарын қарастырдық. Біз физик ғалым Кельвиннің тамшылытқышын негізге алдық. Кельвин тамшылытқышы электр кернеуінің генерары болып табылады. Бұл құралды 1867 жылы ағылшын лорды Кельвин ойлап тапқан, сондықтан оның құрметіне «Кельвин тамшылатқышы» деп аталған. Бұл прибор арқылы 10 В ток алуға болады. Бұл құралды жасау үшін біз: оргстекло, сымдар, металл банкалар, электроскоп пайдаландық.

Бұл құралдың жұмыс принципіне тоқталсақ. Біз ең үстінде орналасқан металл банкаға күнделікті қолданыста жүрген суды құямыз, ол банканың астында су тамшылауға арналған екі саңылауы бар. Осы саңылаудан су тамшылап екі ортада орналасқанэлектр өрісін тудырушы банкалар арқылы өтеді, осы кезде су тамшылары поляризацияланады. Екі банкаға сәйкес бұл прибордың ортасынан өткен су тамшылапр оң және теріс зарядка ие болады. Соның әсерінен бізде ток пайда болады. Әр судың тамшысымен бірге, электр заряды жинақталып отырады. Оны біз осы банкаларға сым арқылы жалғанған электроскоп стрелкасынан байқауымызға болады. Ендігі біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз, осы құралды жетілдіріп тек қана 10В емес 10000В электр энергиясын тудыру болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет