Судың электролиттік ионизациялануы


Қышқылдық буферлiк жүйе донор болып есептелетiн әлсiз қышқылдан және акцептордың ролiн атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады. Мысалы, ацетатты, бикарбонатты буферлік жүйелер



бет5/5
Дата11.01.2022
өлшемі0,61 Mb.
#110927
1   2   3   4   5
Байланысты:
дәріс 12

Қышқылдық буферлiк жүйе донор болып есептелетiн әлсiз қышқылдан және акцептордың ролiн атқаратын анионы бар осы қышқылдың тұзынан тұрады. Мысалы, ацетатты, бикарбонатты буферлік жүйелер.


CH3COOH – протонның доноры;

CH3COO- – протонның акцепторы



Негіздік буферлік жүйе әлсіз негізден (акцептор) және осы негiздiң катионы (донор) бар тұздан тұрады. Мысалы, аммиакты буферлік жүйе

Ацетатты:

NH4OH – протонның акцепторы;

NH4+ – протонның доноры

H2CO3 – протонның доноры;

HCO3– – протонның акцепторы





Бикарбонаты:

Нег

Амфолит-т

Қышқыл-дық

Буферлер құрамына қарай 3-ке бөлінеді

Амфолиттік буферлiк жүйе әрi донордың, әрi акцептордың ролiн атқаратын амфотерлiк қосылыстан тұрады. Мысалы, белок буферлік жүйесі

Буферлiк жүйелердiң рН келесі теңдеулермен анықталады:

Қышқылдық буферлiк ертiндiлердiң рН–ы мына теңдеумен есептеледi:

Негiздiк буферлiк ерiтiндiлер үшiн мына теңдеу қолданылады:

Маңызды буферлі ерітінділерді дайындау



Буферлiк ерiтiндiлердiң әсер ету механизмiнiң жалпы қағидалары

Күштi қышқыл немесе сiлтi қосқанда буферлiк жүйелердегi сутегi иондары концентрациясының өзгермеуi олардың негiзгi қасиетi болып табылады. Күштi қышқыл қосқанда сутегi иондары буферлiк жүйедегi протонның акцепторымен әрекеттеседi, соның нәтижесiнде сутегi иондарының концентрациясы өзгермейдi. Сiлтi қосқанда гидроксид–иондар буферлiк жүйедегi протонның донорымен әрекеттеседi, сол себептi рН өзгермейдi.

Мысалы: негiздiк буферлiк жүйеде бұл процесс былай жүредi:

NH4OH + HCl = NH4Cl + H2O

NH4OH + H+ + Cl– = NH4+ + Cl– + H2O

NH4OH + H+ = NH4+ + H2O

NH4Cl + NaOH = NH4OH + NaCl

NH4+ + Cl– + Na+ + OH– = NH4OH + Na+ + Cl–

NH4+ + OH– = NH4OH

Организмнің буферлiк жүйелерi. Бикарбонаттық және фосфаттық буферлiк ерiтiндiлердiң әсер ету механизмi

Организмде биологиялық орталардың қышқылдылығын тұрақты ұстап тұратын тең процестер болады. Олардың тұрактылығы буферлiк жүйелердiң әсер ету механизмiмен тiкелей байланысты



Бикарбонаттық буферлiк жүйе қан плазмасының негiзгi жүйесi болып есептеледi. Бұл жүйе әлсіз көмiр қышқылынан (К=3,3·10–7) және нaтрий бикарбонатынан тұрады

H2CO3 – протонның доноры;

HCO3– – протонның акцепторы.

Қандағы буферлiк қатынас мынадай: H2CO3 = 1

NaHCO3 = 20

Буферлiк сиымдылық – буферлiк әсердiң өлшемi

Буф. сиымд. - буферлiк жүйелердiң маңызды сипаттамасы. Ортаның реакциясын ығыстыруға қарсы жасайтын буферлiк жүйенiң әсерi буферлiк сиымдылық деп аталады. Буф. сиымд. 1 л буф. ерiтiндiге оның pH-ын 1-ге өзгерту үшiн қосылатын күштi қышқылдың немесе сiлтiнiң 1 моль эквивалент мөлшерiмен өлшенедi. Қышғылдық және сiлтiлiк буферлiк сиымдылықтар болады:

Буф. сиымд. буф. жүйедегi компоненттердiң конц-ның абсолюттiк шамасына тәуелдi болады. Компоненттердiң конц-ры неғұрлым жоғары болса, қышқыл немесе сiлтi қосқанда рН өзгерiсi соғұрлым аз болады. Буферлiк жүйедегi компоненттердiң қатынасы 1-ге тең болғанда, буферлiк сиымдылық ең жоғарғы шегiне жетедi. Буф. сиымд. ертiндiнi сұйылтқанда төмендейдi, себебi ол компоненттердiң концентрациясына тәуелдi болады

1. Құрамына қарай буферлік жүйелер қанша түрге бөлінеді?



2. Амфолиттік буферлік жүйе дегеніміз не?

3. Бикарбонаттық буферлiк жүйе дегеніміз не?

Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет